Еуропалық Одақ жобасы ауылдық жерлерді дамытудың инклюзивті жоспарлауын қолдайды

АҚМОЛА ОБЛЫСЫБүгін белсенді ауыл тұрғындарының форумы аясында тәжірибе алмасу үшін 40-тан астам ауылдық округ әкімдері мен олардың орынбасарлары жиналған инклюзивті ауылдық жоспарлау бойынша семинар өтті. Аталған семинар Еуропалық Одақ (Еуроодақ) қаржыландырған«Шығыс және Орталық Қазақстанда жергілікті деңгейде мүдделі тараптардың белсенді қатысуы» жобасымен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауылдық округ әкімдеріне өз өкілеттіктері мен міндеттемелерін белсенді іске асыру бойынша, соның ішінде жергілікті халықты іске тарту, ресурстарды іздеу, ауылдағы өмір мен жұмысқа оң көзқарас қалыптастыру бойынша нақты мысалдар келтірілді.

Инклюзивтік ауылдық жоспарлау – бұл барлық мүдделі тараптардың және азаматтық қоғамөкілдерінің қатысуымен әкім және оның тобының басшылығымен ауыл/округ деңгейінде кешенді даму жоспарын әзірлеу процесі. Бұл бастама 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына толық сәйкес келеді. Еуроодақ жобасының жүзеге асырылуы барысында Шығыс және Орталық Қазақстанның 10 ауылдық округтеріндетұрғындардың қажеттіліктерін жоспарлы шешуге бағытталған 10 инклюзивтік жоспарды әзірлеуге техникалық және кеңестікқолдау көрсетілді. Сонымен қатар, осы әзірленген жоспарларды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін сол өңірлердің 11 шағын кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 12 млн теңге құрайтын қаржылай көмек көрсетілді. Қаржылық көмек көрсетілген бизнес-жобалар жастар мен әйелдер үшін жұмыс орындарын құруға және жергілікті жерлерде қызмет көрсету сапасын жақсартуға үлес қосты.

«Еуроодақ жобасының арқасында біз ауыл мәселелерін шешу жолдарын қайта қарастырдық. Және де бұл бізге ұялы байланыстың болмауы мәселесін шешуге көмектесті. Beeline компаниясымен келіссөздер жүргізу нәтижесінде 2018 жылдан бастап 560 адам бюджет қаражатын тартпай ұялы байланысқа қол жеткізе алады «, – деп атап өтті Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылының әкімі Билялов Бағжан Сәкенұлы.

Еуропалық Одақ қаржыландырған жоба «АРГО« Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығымен«,«Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қорымен«(Болгария), «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығымен« ҚҚ (Шығыс Қазақстан облысы), «ЭКОЦЕНТР« ҚБ Қарағанды облыстық экологиялық орталығымен 2017 2020 жылдар аралығында іске асырылады. Жалпы бюджетсомассы: 470 000 еуро (ЕО салымы: 420 000 еуро). ЕО жобасының мақсаттары 100 нақты қадам Ұлт Жоспарына толық сәйкес келеді, себебі олар ауылдық аудандардың экономикалық дамуына ықпал етеді және жергілікті қоғамдастықтардың жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимылдармүмкіндіктерін кеңейтеді.

Еуропалық Одақ жобасы Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі кіші бизнесті дамытуды қолдайды

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті – Бүгін ЕО жобасы жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаржылық қолдауға байқаудың жеңімпаздарын  жариялады. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының пилоттық ауылдық округтарында жүзеге асырылатын 11 жоба үшін қаржылық қолдаудың жалпы сомасы 12 000 000 теңгені құрады.

ЕО жобасы аясында әзірленген ауылддарды дамыту инклюзивті жоспарларында бекітілген экономикалық даму мәселелерін шешуге бағытталған бизнес жобаларға  қолдау көрсету мақсатымен осы байқау өткізілді. Оның ішінде жастар мен әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері бар.

Байқауға әлеуметтік тұрғыдан осал болып табылатын халық топтары, атап өткенде: мүгедектер, көпбалалы аналар, жастар қатысты және жеке кәсіпкерлер қатысты. Жалпы алғанда, байқау аясында 31 өтінім қабылданды, оның ішінде 14 өтінім Қарағанды облысынан келіп түсті. Байқау комиссиясы Қарағанды облысынан келіп түскен ең үздік алты жобаға 6 423 000 теңге көлеміндегі қаржылық қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Жеңімпаздардың ішінде балаларды дамыту орталығы, көлік шеберханасы, жаттығу залын кеңейту, сауықтыру сән салоны, құймақ – кафесі, сонымен қатар шалғай ауылда дәріхана ашатындар да бар. Барлық кіші бизнес субъектілері жергілікті бюджетті толықтыруға өз үлестерін қосады. Бизнес-өтініштер жазу барысында жоба сарапшылары байқауға қатысушыларға қолдау көрсетті.

Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын  «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» жобасы 2017 – 2020 жж. арасында «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қоры» (Болгария), «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ және «ЭКОЦЕНТР» Қарағанды облыстық экологиялық орталығымен жүзеге асырылады. Жобаның жалпы бюджеті – 470,000 евро (ЕО үлесі  – 420 000 евро). Жоба мақсаттары ауылдық аймақтардың экономикалық дамуына себептесіп және жергілікті қауымның жергілікті билік органдарымен қарым-қатынасының мүмкіндіктерін ұлғайта отырып, 100 нақты қадам Ұлттық Жоспарына толығымен сай келеді.

Қосымша ақпарат
Қосымша ақпарат алу үшін «ЭКОЦЕНТР» Қарағанды облыстық экологиялық орталығы ҚБ директоры Меруерт Курмашоваға: 8(7212) 562922 +7 701 255 3668, e-mail: ecocenter2010rk@gmail.com; Жоба менеджері Нұршат Ертаеваға: +7 (7172) 516 964, nurshat@argonet.org; немесе Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің хатшысы Эльнара Байназароваға, e-mail: elnara.bainazarova@eeas.europa.eu хабарласыңыз

 

Еуропалық Одақ жобасы ауылдық жерлердегі кіші бизнесті дамытуды қолдайды

Өскемен – Бүгін жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаржылық қолдауға байқаудың жеңімпаздарын  жарияланды. Байқау Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын  «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» жобасы аясында өтті.  Жоба ауылдық аймақтардың экономикалық дамуына себептесу және жергілікті қауымның жергілікті билік органдарымен қарым-қатынасының мүмкіндіктерін ұлғайта отырып, 100 нақты қадам Ұлттық Жоспарына толығымен сай келеді.

ЕО Жобасы аясында әзірленген ауылддарды дамыту инклюзивті жоспарларында бекітілген экономикалық даму мәселелерін шешуге бағытталған бизнес жобаларға  қолдау көрсету мақсатымен осы байқау өткізілді. Оның ішінде жастар мен әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері бар.

ЕО жобасының пилоттық ауылдық аймақтарында, атап өткенде: Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха ауданының Первомайский және Волчанский ауылдық округтары, Глубокое ауданының Белоусовка және Глубокое кенттері мен Кожохово ауылдық округында; және Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданының Нұра кенті, Ақмешіт, Изенді, Жараспай, К. Мыңбаев атындағы ауылдық округтарында жүзеге асырылатын 12 жоба үшін қаржылық қолдаудың жалпы сомасы 12 000 000 теңгені құрады.

Байқауға әлеуметтік тұрғыдан осал болып табылатын халық топтары, атап өткенде: мүгедектер, көпбалалы аналар, жастар қатысты және жеке кәсіпкерлер қатысты. Жалпы алғанда, байқау аясында 31 өтінім қабылданды, оның ішінде 17 өтінім Шығыс Қазақстан облысынан келіп түсті. Байқау комиссиясы ең үздік бес жобаға 5 577 000 теңге көлеміндегі қаржылық қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Жеңімпаздардың ішінде әрекеттегі құс фабрикасын одан әрі дамыту, көлік және кілем жуу, спорттық демалыс базасы мен маникюр салонын ашу, және жергілікті туризм базасын дамытқысы келетіндер бар. Барлық кіші бизнес субъектілері жергілікті бюджетті толықтыруға өз үлестерін қосады. Бизнес-өтініштер жазу барысында жоба сарапшылары байқауға қатысушыларға қолдау көрсетті.

Кәсіпкерлікті дамытуға қаржылық қолдау көрсетуге арналған байқау туралы

Еуропалық Одақ қаржыландыратын, «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы», «ЭКОЦЕНТР» Қарағанды облыстық экологиялық орталығы, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» (ШҚО), «Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қоры» (Болгария) іске асыратын «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсенді қатысуы»жоба (бұдан әрі – ЕО Жобасы) кәсіпкерлікті дамытуға қаржылық қолдау көрсетуге арналған байқау жариялайды.

Байқау аясындағы қаржылық қолдаудың жалпы қоры 12 000 000 (он екі миллион) теңгені құрады.Байқауға бюджеті 500 000 теңгеден кем емес және 1 200 000 теңгеден артық емес бизнес жобалар қабылданады; сонымен қатар өтініш берушінің жеке үлесі жобаның жалпы бюджетінің 10-20% құру керек.

Байқауға қатыса алады:

Жергілікті үкіметтік емес ұйымдар, шағын бизнес субъектілері, әрекет етуші және әлеуетті жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ өз қызметін ЕО Жобасын іске асыру аумағында атқаратын бастамашы топтар, атап өткенде:

Шығыс Қазақстан облысы

  • Шемонаиха ауданының Первомайский және Волчанский ауылдық округтары
  • Глубокое ауданының Глубокое кенті, Белоусовка ауылдық округы

Қарағанды облысы

  • Нұра ауданының Киевка кенті, Ақмешіт, Ізенді, К. Мыңбаев атындағы және Жараспай ауылдық округтары.

Байқауға қатысуға ынталанушылар Байқау ережелерін мұқият оқып, байқауға қатысуға өтінішті толтырып, барлық керек құжаттарды 2018 жылдың 26 қазанына  дейін келесі байланыс ақпараты бойынша тапсырулары керек:

  • Шығыс Қазақстан облысы үшін:

«Центр развития местного самоуправления»ҚҚ,

070018, Өскемен қ., Белинский к., 46-24,

т/ф: 8 (7232)77-57-93, сот.: +7 777 268 91 08, email: safonova-n@yandex.ru

  • Қарағанды облысы үшін:

«ЭКОЦЕНТР»Қарағанды облыстық экологиялық орталығы,

100012, Қарағандық., 49 Жамбыл к., офис 2,

т/ф: +7 (7212) 562-922, email:  ecocenter2010rk@gmail.com

Байқау жеңімпаздары байқау ұйымдастырушыларымен өз биөнестерін дамытуға арналған қаржылық қолдауды алуға қажет келісім-шарттарға қол қойуы тиіс болады.

Еуропалық Одақтың «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» жобасының Astana Agro Forum 2018 конференциясына қатысуы

24-25 қазанда Астанада Astana Agro Forum-2018 конференциясы өтті. Astana Agro Forum 2018 – негізгі мақсаты Агроөнеркәсіптік комплекстердегі еңбек өнімділігінің жетілдірілуі және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 10 жылдың ішінде 2,5 есе өсіру болып табылатын мемлекеттік жаһандық жоба. Шараны ұйымдастырушы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Конференция қатысушылары азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара әрекеттесуінің механизмдерін және мемлекеттік емес сектордың ауыл шаруашылығының дамуындағы рөлін талқылайды.

Конференция аясында Меруерт Құрмашова, «ЭКОЦЕНТР» Қарағанды облыстық экологиялық орталығы» Директоры «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» жобасы және инклюзивтік жоспарлау туралы ақпарат айтты. Инклюзивтік жоспарлау ауылдық деңгейдегі әр түрлі секторлар өкілдерін біріктіріп, жергілікті дамуды жоспарлауға қатысатын халық санын көбейтуге мүмкіндік беретін инновациялық тәсілдеме. Бұл тәсілдеме бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97, 98, 99 қадамдарына сәйкес болып табылады.

Осылайша, Astana Agro Forum 2018 100-ге жуық қатысушылары ЕО жобасы туралы және жергілікті деңгейді дамытудағы Еуропалық методиканың Қазақстандағы қолданылуы туралы ақпарат алды.

 

«АСАР» ІІ Республикалық үшжақты серіктестік форумында 

2018 жылдың 21-22 маусымында Талдықорған қаласында Дін және азаматтық қоғам министрлігі «АСАР» ІІ Республикалық үшжақты серіктестік форумын өткізді. Форумның мақсаты: жергілікті қауымның әлеуметтік мәселелерін шешудегі мемлекеттік органдардың, бизнестің және үкіметтік емес сектордың күшін жандандыру.

Форум аясында жоба екі мастер-класс өткізді. Жоба серіктесі «Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қорының» (София, Болгария) эксперті Александър Михайлов Болгарияда және Еуропада жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы мен инклюзивті жоспарлау тәсілі тақырыбына мастер-класс өткізді. Мастер-классқа қатысушылар тәсілдің Қазақстанда қолдануылының мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды.

Александр Михайлов на АСАР

Екінші мастер-классты жоба Директоры Абай Мырхин өткізді. Ол қатысушыларға жоба аясындағы он пилоттық ауылда инклюзивті жоспарлаудың қолданылуы туралы баяндады. Қатысушылар аталған тәсілдемеге қызығушылықтарын білдіріп, оны одан әрі қалай жетілдіруге болатыны туралы өз пікірлерімен бөлісті.

 

Толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша таба аласыздар.

Жоба іс-шараларын айқындау және оларды пилоттық облыстардан тыс кең тарату

Абай Мырхин

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ – 2018 жылдың 23-24 қаңтарында инклюзивті жоспарлау тақырыбына мастер-класс өткізілді.

Жоба Директоры Абай Мырхин Республикалық ардаргерлер қоғамдық бірлестігінің Нұра ауданындағы филиалының мүшелеріне арнап инклюзивті жоспарлау тақырыбына мастер-класс өткізді. Мастер-классқа 20 адам қатысты. Қатысушылар жергілікті дамудың аумақтық тәсілдемесі туралы білімдерін жетілдірді. Онымен қоса қатысушылар жобаның Нұра ауданындағы әрекеттері туралы ақпарат алып, жобаға белсенді қатысуға ынталарын білдірді.

 

 

Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша Болгариядағы тағылымдама

стажировка в Болгарию

2018 жылдың 21-27 қаңтар аралығында АРГО «Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қорымен» (Болгария) бірлесіп Болгариядағы жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесімен танысып, оны Қазақстанда қолдану мақсатымен тағылымдама ұйымдастырды.

Тағылымдамаға 8 адам қатысты. Олардың қатарында Ұлттық экономика министрлігінің, облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің және ҮЕҰ өкілдері болды. Бұл тағылымдаманың өтетін жері болып Болгария Республикасын таңдаудың себебі – Шығыс Еуропа елдерінің Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан саясаты Қазақстан Республикасының саясатына ұқсас болып табылады, және олардың үлгісі қолданыла алады. Тағылымдама барысында қатысушылар жергілікті деңгейде әлеуметтік қызмет беру, халықты шешім қабылдау үрдісіне қатыстыру, жергілікті қауымдастықтың кездесулерін өткізу, ауыдың бір жылдық даму жоспарын құру, салық жинау мен айыппұл салу, жергілікті деңгейде туризм мен кіші және орта бизнесті дамыту, жергілікті дамуға Еуропалық LEADER тәсілдемесі, ЖӨӨБ заңнамалары және Болгарияның мемлекеттік органдарының құрылымы және жұмысы сияқты сұрақтармен танысты. Тағылымдама барысында қатысушылар София қаласының мэриясын, Велики Тырново, Троян, Елена муниципалитеттерін, және сол муниципалитеттерге қарасты ауылдарға барды.

Тағылымдаманың нәтижесінде қатысушылар келесі сұрақтар бойынша өз білімдерін жетілдірді: ЖӨӨБ дамыту механизмдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас, ауыл бюджетін үлестіру туралы шешім қабылдау үрдісі, ауыл дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын құру, жергілікті деңгейде әлеуметтік қызмет көрсету, муниципалитет мэрлерінің рөлі мен міндеттері, және т.б.

Толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша таба аласыздар.

 

Инклюзивті даму жоспарларын құрудың нәтижелері

Инклюзивті жоспарлаудың ең жемісті нәтижелерінің бірі Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылының  әкімінің ауылға ұялы телефон желісін өткізу бойынша бастамасы болып табылады. Жоспарды құру барысында ауыл тұрғындары ұялы телефон желісінің жоқтығын қиындық ретінде атап шықты. Жұмыс топтарымен талқылау барысында ауыл әкімі Билялов Бағжан Сәкенұлы ауылға ұялы телефон желісін тарту туралы ынта жасауға шешім қабылдады. Осылайша 2018 жылдың қаңтар айында Жараспай ауылына Beeline  желісі өткізілді. Бүгінгі күнде 560 адам ұялы телефон желісіне қол жеткізді. Бұл бастама көршілес жатқан Изенді ауылың әкіміне үлгі болып, болашақта тағы 653 адамға ұялы телефон желісін қол жетімді ету жоспарлануда.

Инклюзивті жоспарлау арқылы шешімін тапқан тағы да бір қиындық – медициналық қызметкерлердің жоқ болуы. Өткен уақытта Жараспай аулында жаңа амбулатория ғимараты салынды. Бірақ ол жерде керекті мамандар болған жоқ.  Ауыл тұрғындарымен талқылаулар барысында бұл қиындықтың маңызды екені туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, ауыл әкімі Шығыс Қазақстан облысынан дәрігер мен медбикені аталған амбулаторияда жұмыс істеуге шақырды. Осылайша Жараспай және оған жақын орналасқан ауыл тұрғындары медициналық қызметтің кейбір түрлеріне қол жеткізді.

Осымен қатар 2019 жылы Жараспай аулында дәріхана мен шаштараз ашу жоспарлануда.

Инклюзивті жоспарлау үрдісін өткізу

ЕС

2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы он пилоттық ауылда инклюзивті жоспарлау үрдісі өтті.

 

Жоба тобы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Глубокое және Белоусовка кенттерінде және Кожохово ауылдық округында, Шемонаиха ауданының Первомайский және Волчанский ауылдық округтарында, Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка кентінде, Ақмешіт, Изенді, Мыңбаев және Жараспай ауылдық округтарында инклюзивті жоспарлау үрдісін өткізді. Бұл үрдіс үш кезеңнен тұрды:

  1. Үш бағыт бойынша Тематикалық Жұмыс Топтарын құру: экономика және ауыл шаруашылығы; әлеуметтік инфрақұрылым және әлеуметтік қызмет; инженерлі инфрақұрылым және оған қызмет көрсету;
  2. Әрбір Тематикалық Жұмыс Тобымен кездесулер өткізу (барлығы – 90 кездесу);
  3. Дайындалған инклюзивті жоспарды жергілікті қауымдастықпен мәмілеу.

Аталған іс-шаралар көбірек аудиторияны ауылдың болашағын жоспарлауға қатыстыруға мүмкіндік берді. Бұл үрдіске барлығы 300 адамнан артық халық қатысты.

 

Инклюзивті жоспарлаудың нәтижесінде әрбір ауылдың үш жылдық даму жоспары дайындалды. Аталмыш жоспарлар ауылдың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайының талдауынан, дамудың басым бағдарларынан, стратегиялық мақсаттардан және оларға қол жеткізу үшін өткізілетін іс-шаралардан құралған.

Инклюзивті жоспарлау бойынша жұмыс

по инклюзивному развитию

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТАРЫ – 2017–ші жылдың тамыз және қыркүйек айларында инклюзивті жоспарлау бойынша жоспарлау Комитетінің және тематикалық жұмыс топтарының бірінші және екінші отырыстары өтті.

Әр ауылда жоспарлау Комитеттері құрылды, сонымен қатар, келесі тақырыптар: экономика мен ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қызметтер мен инфрақұрылым, инженерлік инфрақұрылым мен қызмет көрсету бойынша үш Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс топтарының бірінші кездесулерінде тұрғындар мұқтажына біріккен баға берілді, SWOT сараптама, сондай-ақ, әрбір жеке тақырып бойынша таяу бес жыл ішінде ауылдың болашақ даму сипаты жасалды. Екінші кездесуде болашақ даму сипаты мен SWOT сараптамаға жүгіне отырып стратегиялық мақсаттар қойылды, сондай-ақ, әр тақырып бойынша әрбір стратегиялық мақсатқа қол жеткізу шаралары жөнінде жоспарлар талқыланды. Келешекте стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу шаралары бойынша жоспарды жетілдіретін, тематикалық жұмыс топтарының үшінші кездесуі өткізіледі деп жоспарлануда.

 

 

«Жергілікті дамудың инновациялық тәсілдері» тақырыбы бойынша Гинка Капитанова ханымның мастер-классы

Гинка Капитанова

АЛМАТЫ – 29 маусымда «Даму тарихы: ішкі көзқарас» VIII Халықаралық конференция аясында инклюзивті жоспарлау бойынша еуропалық сарапшы Гинка Капитанова «Жергілікті дамудың инновациялық тәсілдері» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді.

Семинарға Орта Азия елдерінен 40 адам қатысты. Семинар барысында қатысушылар инклюзивті жоспарлау тәсілдеріне қызығушылық танытты, сонымен бірге, өздерінің ауыл аймақтарында инклюзивті жоспарлау үдерісін өткізуге ниет білдірді.  Мастер-классқа қатысушыларға инклюзивті жоспарлаудың еуропалық тәжірибесі туралы ақпараттық материалдар үлестірілді.

 

 

«Даму тарихы: ішкі көзқарас» VIII Халықаралық конференция аясындағы жоба іс-шаралары

на конференции

«Жергілікті дамудың инновациялық тәсілдері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел

АЛМАТЫ –28-29 маусымда «Даму тарихы: ішкі көзқарас» VIII Халықаралық конференциясы өтті.

Конференция жұмысы барысында «Жергілікті дамудың инновациялық тәсілдері» тақырыбы бойынша жобалық топ дөңгелек үстел өткізді. Отырысқа ҚР ұлттық экономика Министрлігінің және пилоттық облыс әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстары өкілдері қатысты. Одан бөлек, шараға қатысушылар арасында Қырғызстан Республикасы мен Еуропа елдерінен келген қонақтар болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда қолданылатын әртүрлі инновациялық тәсілдер бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

Ауылдық инклюзивті жоспарлау бойынша тренинг

тренинги по инклюзивному планированию

22 мен 27 маусым аралығында Жобаның пилоттық өңірлерінде ауылдар, ауылдық округтар мен кенттер әкімдері үшін инклюзивті жоспарлау бойынша семинарларлар өткізілді. Тренингті институционалды дамыту бойынша еуропалық сарапшы Гинка Капитанова өткізді. Шараға 70-тен астам адам қатысты, олардың  40% әйелдер болды.

Шығыс Қазақстан облысында тренинг 22-23 маусымда облыс, аудан және ауылдық округтар әкімшіліктерінің өкілдері үшін өткізілді. Екі күн ішінде қтысушылар инклюзивті жоспарлау бойынша теориялық және тәжірибелік білім алды. Одан бөлек, кеңесші-жаттықтырушы Лейла Мұқтағанова тыңдаушыларға бюджеттік жоспарлау мен оны тиімді жүзеге асыру туралы ақпаратпен бөлісті. Қатысушылар үлкен қызығушылық тудырып, тренинг барысында белсенділіктерін көрсетті. 2017-шы жылдың 26-27 маусымында осындай тренинг Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кентінде Нұра ауданы әкімдігінің өкілдері, ҮЕҰ, жергілікті қоғамдастықтар төрағалары, кәсіпкерлер, сонымен қатар, 23 ауылдық округтың әкімдері үшін өткізілді. Әкімдер Жобаға және жергілікті экономикалық дамуға ықпал ететін жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін нығайтуға  деген қызығушылықтарын танытты.

Жобаны аймақтарда бастау

ЕС

2017-ші жылдың 26 мамыры мен 16 маусымында Өскемен және Қарағанды қалаларында «Жергілікті дамудың инклюзивті жоспарлануы» жобасын бастау бойынша дөңгелек  үстел отырыстары өтті. Шараға 30дан астам адам қатысты, олардың ішінде облыс және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, мүдделі ұйымдардың өкілдері мен Жобаның сарапшылары болды.

Жұмыса тобы инклюзивті жоспарлау үдерісін дамытуға бағытталған Жобаның негізгі мақсаттарын, оларды жүзеге асыру жолдары және шараның жоспарларымен таныстырды. Отырысқа қатысушылар аймақтардағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың қажеттілігі туралы пікір алмасып,  «Жергілікті дамудың инклюзивті жоспарлануы»  жобасын жүзеге асыруға қолдау білдірді.

Отырыс барысында екі облыстан пилоттық жобаға қатысушы ретінде 10 ауылдық округ –  Глубокое ауданына қарасты Глубокое және Белоусовка кенттері, және Кожоховский ауылдық округы, Шемонаиха ауданына қарасты Первомайский мен Волчанский ауылдық округтары таңдалды. Қарағанды облысы бойынша жобаға е Нұра ауданындағы  Киевка, Жараспай, Ізенді, Мыңбаев, Ақмешіт ауылдық округтары таңдалды.

Жобаға қатысушы аудандардың әкімдіктерімен өткізілген кездесулер нәтижесінде, екі облыс аумағында Жобаны табысты жүзеге асыру мақсатында өңірлік серіктестер мен «АРГО» арасында меморандумдарға қол қойылды.

Жобаның бенифициарларымен серіктестік

рабочие встречи в Караганде

30–шы мамырда Қарағанды облысында «Жергілікті дамудың инклюзивті жоспарлануы» жобасының жұмыс тобы мен облыстық және аудандық әкімшіліктердің, сонымен қатар, Қарағанды облысы мәслихатының өкілдері арасында қызметтік кездесу өтті.

Жұмыс тобы Қарағанды облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Нүркенов және Қарағанды облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Даулат Ешкеевпен кездесті. Кездесу барысында Жобаның нақты мақсаттары мен шаралары таныстырылып, оларды іске асыру жолдары қаралды. Кездесудің нәтижесінде болашақта атқарушы билік өкілдерімен бірігіп жұмыс істеу туралы келісім жасалды.