Еуропалық Одақ жобасы жаңадан бастаушы бизнесті және жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдайды

Мониторинг аясында «Шығыс және Орталық Қазақстандағы жергілікті деңгейде мүдделі тараптардың белсенді қатысуы» жобалық тобы Қарағанды облысының Нұра ауданында болды. Атап айтқанда, кәсіп ашуға қаржылық қолдау көрсетілген қатысушылармен кездесулер өткізілді.

Айта кету керек, барлық стартаптар әлеуметтік маңызы бар жобалар болып табылады, олар ауылдық жерлерді дамытудың инклюзивті жоспарларын құрудағы басымдықтар ретінде танылады. Сонымен Жараспай ауылында ауылдағы жалғыз дәріхана ашылды. Ал Нұра ауылында аз қамтылған отбасылардың балалары тегін жаттығатын жаттығу жасайтын спорт залы бар. Сонымен қатар, Нұра ауылында қызмет көрсету станциялары, құймақ үйі, сауықтыру орталығы және балаларды дамыту орталығы ашылды.

Жобалық топ стартаптар бекітілген жоспарға сәйкес дамып жатқандығын атап өтті. Қаржылық көмек алушыларға тиісті ұсыныстар мен кәдесыйлар таратылды.