• ҮЕҰ, әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдар, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар үшін бизнесті дамыту және әлеуетті арттыру бойынша тренингтер мен консультациялар. АРГО 20-дан аса оқытатын модульдер әзірледі.
  • Жергілікті, ұлттық және өңірлік деңгейде бағалау және зерттеулер жүргізу. Азаматтық қоғамның дамуындағы кездесетін қиындықтар туралы деректерді жинау және қалыптастыру, оларға сандық және сапалық талдау жасау.
  • Жобаларды басқару, клиенттердің жобаларын табысты түрде жүзеге асыру үшін мониторинг және бағалау жүргізу. Жобалар мен бағдарламаларға мониторинг жүргізу; ықпал етуді өлшеу бойынша нақты ақпарат ұсыну үшін объективтік көзқарасты пайдалану.
  • Гранттарды әкімшіліктендіру, клиент-ұйымның талаптарына және бағдарлама мақсаттарына сәйкес үшінші тұлғалармен жүзеге асырылатын жобалар үшін қаржылық ресурстарды басқару.
  • Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілікті қолдау, қаржылық тұрақтылықты дамыту саласында ұйымдарға қолдау көрсету.
  • Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту, оларды саяси диалогқа қатысуға тарту, әлеуметтік серіктестіктегі және шешімдер қабылдау үрдістеріндегі инновациялық әдістерді ынталандыру, қызметтерді жетілдіру, өмір сүру сапасын жақсарту.