Филипп Райхмут

Менеджмент және ұйымдастырушылық даму саласындағы халықаралық сарапшы. Ол  исламтану саласы бойынша докторлық дәрежеге ие (Германия), сондай-ақ мәдениетаралық контекстідегі жүйелік ұйымдастырушылық даму саласында сертификатталған маман болып табылады.

Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанда ғылыми зерттеулерде, сондай-ақ халықаралық даму саласында консультант болып жұмыс істейді.

 

Гүлім Амирханова

Сертификатталған медиа-жаттықтырушы, жаңа медиа, мультимедиалық журналистика  саласындағы сарапшы. «Новый репортер.org» интернет-журналын құруға және дамытуға қатысты, «Орталық Азияда жаңа медианы дамыту», «Internews Network» жобасының үйлестірушісі болып табылады. «ЛИВЕНЬ. LivingAsia» жобасының аймақтық редакторы, проекта Internews «Орталық Азия қоршаған орта және табиғи ресурстары мәселелерін кәсіби түсіндіруге арналған медиа» .

Телевизиялық және мультимедиялық журналист, редактор. Телевизиялық және интернет-журналистика бойынша тренингтер авторы. Гүлім – мультимедиялық контент саласындағы үздік маман және экспериментші. Оның қоржынында БАҚ мен ҮЕҰ үшін мультимедиялық технологияларды пайдаланумен жасалған ондаған заманауи сайттар есептеледі.

 

Татьяна Седова

Татьянаның Қазақстан, Орталық Азия елдері, Әзірбайжан және Украинада даму жөнінде консультант, зерттеуші және жаттықтырушы мамандығы бойынша 20 жылдан аса тәжірибесі бар.

Серіктестер мен тапсырыс берушілер болып үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар мен халықаралық ұйымдар (АРГО,  Дүниежүзілік банк, Халықаралық ӨСАБ (ИПДО) Хатшылығы, Индустрия және даму министрлігі, ДІАҚМ, PWYP, Thunderbird және т.с.с.) табылады.

Мүдделер саласы – стратегиялық жоспарлау, қоғамдық қатысу, азаматтық қоғам мен өндіруші салаларды талдау және зерттеу.

 

Александр Шилов

Техникалық сала майталманы. Ірі корпорацияларда, сондай-ақ халықаралық жобаларда экология, маркетингтік зерттеулер мен ұйымдарды дамыту тақырыптары бойынша жұмыс істеді. Сайттар, форумдар мен интернет-дүкендерді әзірлеу, ілгері жылжыту және аудит, контекстілік жарнама және әлеуметтік желілерден трафик тарту, продюсерлеу, сарапшылықты растау және интернетте абырой-беделді арттыру бойынша жұмыста мол тәжірибеге  ие.

Қазіргі уақытта кәсіпкер, продюсер, интернет-технологияларды бизнеске енгізу жөніндегі консультант, лидогенерация, «шұңқырлар» құру, контекстілік және таргетирленген жарнама бойынша бойынша сертификатталған маман.