Сонымен, бірнеше елдің өкілдері дайындалып, көптен күткен оқиға да аяқталды. Душанбе қаласында 2017-ші жылдың 21-23 мамыр күндері, медиа және әлеуметтік инновациялар Зертханасы өтті. Бұл жоба Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) және Innovation for Change (әлеуметтік саладағы инновациялар жөніндегі үлкен бастаманың) қолдауымен «Инновацияға арналған серіктестік – P4I» АРГО бағдарламасына және Internews Network «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.
«Инновациялық зертхана» дегеніміз не? Инновациялар деген сөздің ұғымын біз қалай түсінеміз? Әлеуметтік жобаларды айтарлықтай инновациялы, өзекті және талап етілетіндей қылып қалай жасауға болады? Осы және басқа да сауалдарға Зертханаға қатысушылар, мазмұнды болған үш күн бойы: нон-стоп режимінде пікірсайыстар, тұсаукесерлер, жобалық идеялар құру және оларды сарапшылармен талдаулар жасап, жауаптар ала алды. Әлбетте, өзара қарым-қатынас бағдарлама аясынан тыс та болды. Ашылу салтанаты кезінде сөз сөйлеген Тәжікстан Республикасы Қоғамдық кеңесінің үйлестіруші хатшысы Нұрәлі Саидов айтқандай «мұндай шаралар байланыстар құруға мүмкіндік беріп, пікірлер теңгерімін қолдап, плюрализмді дамытады».
Халықаралық сарапшы Филипп Райхмут зертханаға жоғары баға берді. Доктор Райхмут сөз сөйлегенде: «Азаматтық қоғамға арналған инновациялық зертхана, – онсыз да инновация болып саналады; бұл үлгіге Оңтүстік Америка жақындап келеді, бірақ, Орта Азиялық сіздер, бүгін мұнымен айналысудасыздар. Егер БАҚ, медиа, ІТ саласы үшін бұл қалыпты үлгі болса, азаматтық қоғам ұйымдары үшін бұл ноу-хау, және де мен сіздердің бұл істе алғашқы екендеріңізді сеніммен айта аламын, бұл шын мәнінде солай», – деп атап өтті.
«Инновацияға арналған әріптестік – P4I» бағдарламасының директоры, Innovation for Сhange Жаһандық Бастамасының өкілі Қайша Атақанованың айтуынша, «Зертхана үлгісі – бұл шығармашылық, бұл ғылыми тәжірибе».
Зертханаға қатысушылардың барлығы да, шараның қажеттілігі туралы пікір айтты. Бүгінгі таңда, жобалардың әлеуметтік әсері Орта Азия елдерінің көптеген ҮЕҰ үшін, алға қойған мәселелерді шешу амалдары мен құралдарының тәсілдері қаншалықты инновациялық болатындығына байланысты. Медиа және әлеуметтік инновация зертханасы — бұл үкіметтік емес секторға әлеуметтік мәселелерге басқаша көзбен қарап, инновациялық тәжірибені өз жұмыстарында пайдалану үшін қолдануға мүмкіндік берді. Зертханада ҮЕҰ өкілдері, медиа, ІТ-саласы, сондай-ақ, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен мамандар мен жетекшілер кіретін жүзден астам адам қатысты.
Зертхана белсенділік пен жоғары қызығушылық тудырып, қызу қарқында өтті. Биылғы жылы Зертхана үлгісі бірегей болғанын атап өту керек.
«Мен дәрістер өткізіліп, топтарда пікірсайыстар болып, рольдерге бөлінетін әр-түрлі ойындар ойнап, жалпы, біз әдеттенгендей болатын шығар деп ойлаған едім. Бақсам, мұнда – сарапшылар мен жетекшілердің тұсаукесерлері де, идеялар іздестіру мүмкіндіктері де бар екен, сосын – ең қызығы – өз идеяңды тек сарапшылардың алдында ғана емес, сонымен бірге, басқа да ҮЕҰ әріптестердің алдында қорғайсың. Жасыратыны жоқ, өте қиын болды, бірақ, жәй тыңдап отырғаннан да, қызығырақ болды. Біз Душанбе мен Хатлонның ҮЕҰ жастары бірігіп, қызық идеяны тарту еттік, ал сарапшылардың еңбегін айтар болсақ, олар біздің идеямыздың әлсіз жағын да, мықты жағын да көрсетіп, жобаны жақсартудың амалдарын меңзеді» – деп, Тәжікстаннан келген «Теннис академиясының» өкілі, Фарход Шарифи, атап өтті.
Көптеген қатысушылар үшін, Зертхана нағыз жаңалық болды.
«Өз басым, инновация – бұл техниканың жаңа түрлері, байланыстың жаңа түрлері деп ойлайтынмын. Бақсам, біз инновацияны кеңірек түсіне алады екенбіз және де түсінуіміз қажет екен, бұл мен үшін Зертхананың ең маңызды нәтижесі. Мен «Әлемді махаббат билейді» деген жобалы идеяны талқылауға қатыстым, ал менде, біздің қаладағы нашар көретін және соқыр адамдардың өмірін жеңілдетуге болатын тағы бір идея бар, бірақ оны іске асыру үшін, бұл идеямен еселеп, көп жұмыс жасауым керек. Сондықтан, Зертхананың тағы бір аса маңызды нәтижесі – бұл жаңа құралдар туралы алған көптеген ақпараттар» – деп, Соғды облысындағы (Тәжікстан) «Соқырлар мен нашар көретіндердің ұлттық қоғамы» АҚ филиалының өкілі Озода Құрбанова, алған әсерімен ой бөлісті.
Зертхананың бірегейлігі, қатысушылар инновациялық жобаларды өңдеу барысында жаңа білім мен дағдылар алып, әлеуметтік инновациялардың ең табысты тәжірибелерін талқылап қана қоймай, жетекшілермен бірге жобаларды іс жүзінде жасап шықты. Үш күн ішінде, сарапшылар инновациялық элементтер енгізіп, кеңес беріп, жобаларды қолданысқа дейін жеткізіп берді. Ең бастысы, қатысушылар әлеуметтік мәселелерді жаңаша айтуды үйреніп, оларды шешуге қоғамды жұмылдыруды, өз жұмыстарын дұрыс тарату үшін заманауи медианы қолдануды үйренді. Зертхана инновацияны кең ауқымда түсінуге мүмкіндік берді, ол басқа салалардың тәжірибесін енгізіп, ескі сауалдарға жаңа көзқараспен қарап, тек жаңа технологиялар ғана емес, жаңа тәсілдерді де үйретті.
Зертхананың басты нәтижелерінің бірі, жұмыс топтарының ақтық тұсаукесерлері болды – бұл қатысушылар жетекшілерімен бірге құрып, және оны іс жүзінде табысты іске асыруға болатын дайын әлеуметтік жобалар.
«Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив Университетінің достары қауымдастығы» вице-президенті Сәния Арапова атап өткендей, «бұдан былай зертхана түлектерімен ұдайы байланыста болып, оларға сарапшылар ретінде мүмкіндігінше көмектесіп, және Зертхананың түлектерін келесі зертханаларға жетекші ретінде тарту керек. Мұндай үлгі жобаның дербес екендігін ғана көрсетіп қоймай, жаңа қатысушыларды ынталандыратын болады».
«Зертхананың басты нәтижесі – бұрындары бір – бірінен бейхабар болған ұйымдардың өзара нақты серіктес боларына мен сенімдімін. Ал егер де, болашаққа көз жүгіртсек, мен үшін, менің әріптестерім үшін, ең басты қол жеткізген жетістік, біздің жастар мен жасөспірімдердің өз пайдасы, отбасы, қоғам үшін жұмыс тәсілдемелері мен жаңа технологияларды пайдаланулары болып табылады», – деп қатысушы, «Теннис академиясының» өкілі, Фарход Шарифи мәлімдеді.