Еуропалық Одақ қаржыландыратын, «АРГО» Азаматтық Қоғамды Дамыту Ассоциациясы», «ЭКОЦЕНТР» Қарағанды облыстық экологиялық орталығы, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» (ШҚО), «Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қоры» (Болгария) іске асыратын «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсенді қатысуы» жоба (бұдан әрі – ЕО Жобасы) кәсіпкерлікті дамытуға қаржылық қолдау көрсетуге арналған байқау жариялайды.
Байқау аясындағы қаржылық қолдаудың жалпы қоры 12 000 000 (он екі миллион) теңгені құрады. Байқауға бюджеті 500 000 теңгеден кем емес және 1 200 000 теңгеден артық емес бизнес жобалар қабылданады; сонымен қатар өтініш берушінің жеке үлесі жобаның жалпы бюджетінің 10-20% құру керек.
Байқауға қатыса алады:
Жергілікті үкіметтік емес ұйымдар, шағын бизнес субъектілері, әрекет етуші және әлеуетті жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ өз қызметін ЕО Жобасын іске асыру аумағында атқаратын бастамашы топтар, атап өткенде:
Шығыс Қазақстан облысы
- Шемонаиха ауданының Первомайский және Волчанский ауылдық округтары
- Глубокое ауданының Глубокое кенті, Белоусовка ауылдық округы
Қарағанды облысы
- Нұра ауданының Киевка кенті, Ақмешіт, Ізенді, К. Мыңбаев атындағы және Жараспай ауылдық округтары.
Байқауға қатысуға ынталанушылар Байқау ережелерін мұқият оқып, байқауға қатысуға өтінішті толтырып, барлық керек құжаттарды 2018 жылдың 26 қазанына дейін келесі байланыс ақпараты бойынша тапсырулары керек:
- Шығыс Қазақстан облысы үшін:
«Центр развития местного самоуправления» ҚҚ,
070018, Өскемен қ., Белинский к., 46-24,
т/ф: 8 (7232)77-57-93, сот.: +7 777 268 91 08, email: safonova-n@yandex.ru
- Қарағанды облысы үшін:
«ЭКОЦЕНТР» Қарағанды облыстық экологиялық орталығы,
100012, Қарағанды қ., 49 Жамбыл к., офис 2,
т/ф: +7 (7212) 562-922, email: ecocenter2010rk@gmail.com
Байқау жеңімпаздары байқау ұйымдастырушыларымен өз биөнестерін дамытуға арналған қаржылық қолдауды алуға қажет келісім-шарттарға қол қойуы тиіс болады.