Еуропалық Одақ жобасы ауылдық жерлердегі кіші бизнесті дамытуды қолдайды

Өскемен – Бүгін жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаржылық қолдауға байқаудың жеңімпаздарын  жарияланды. Байқау Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын  «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» жобасы аясында өтті.  Жоба ауылдық аймақтардың экономикалық дамуына себептесу және жергілікті қауымның жергілікті билік органдарымен қарым-қатынасының мүмкіндіктерін ұлғайта отырып, 100 нақты қадам Ұлттық Жоспарына толығымен сай келеді.
ЕО Жобасы аясында әзірленген ауылддарды дамыту инклюзивті жоспарларында бекітілген экономикалық даму мәселелерін шешуге бағытталған бизнес жобаларға  қолдау көрсету мақсатымен осы байқау өткізілді. Оның ішінде жастар мен әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері бар.

 

ЕО жобасының пилоттық ауылдық аймақтарында, атап өткенде: Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха ауданының Первомайский және Волчанский ауылдық округтары, Глубокое ауданының Белоусовка және Глубокое кенттері мен Кожохово ауылдық округында; және Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданының Нұра кенті, Ақмешіт, Изенді, Жараспай, К. Мыңбаев атындағы ауылдық округтарында жүзеге асырылатын 12 жоба үшін қаржылық қолдаудың жалпы сомасы 12 000 000 теңгені құрады.
Байқауға әлеуметтік тұрғыдан осал болып табылатын халық топтары, атап өткенде: мүгедектер, көпбалалы аналар, жастар қатысты және жеке кәсіпкерлер қатысты. Жалпы алғанда, байқау аясында 31 өтінім қабылданды, оның ішінде 17 өтінім Шығыс Қазақстан облысынан келіп түсті. Байқау комиссиясы ең үздік бес жобаға 5 577 000 теңге көлеміндегі қаржылық қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Жеңімпаздардың ішінде әрекеттегі құс фабрикасын одан әрі дамыту, көлік және кілем жуу, спорттық демалыс базасы мен маникюр салонын ашу, және жергілікті туризм базасын дамытқысы келетіндер бар. Барлық кіші бизнес субъектілері жергілікті бюджетті толықтыруға өз үлестерін қосады. Бизнес-өтініштер жазу барысында жоба сарапшылары байқауға қатысушыларға қолдау көрсетті.