Еуропалық Одақ жобасы Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі кіші бизнесті дамытуды қолдайды

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті – Бүгін ЕО жобасы жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаржылық қолдауға байқаудың жеңімпаздарын  жариялады. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының пилоттық ауылдық округтарында жүзеге асырылатын 11 жоба үшін қаржылық қолдаудың жалпы сомасы 12 000 000 теңгені құрады.

ЕО жобасы аясында әзірленген ауылддарды дамыту инклюзивті жоспарларында бекітілген экономикалық даму мәселелерін шешуге бағытталған бизнес жобаларға  қолдау көрсету мақсатымен осы байқау өткізілді. Оның ішінде жастар мен әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері бар.

 

Байқауға әлеуметтік тұрғыдан осал болып табылатын халық топтары, атап өткенде: мүгедектер, көпбалалы аналар, жастар қатысты және жеке кәсіпкерлер қатысты. Жалпы алғанда, байқау аясында 31 өтінім қабылданды, оның ішінде 14 өтінім Қарағанды облысынан келіп түсті. Байқау комиссиясы Қарағанды облысынан келіп түскен ең үздік алты жобаға 6 423 000 теңге көлеміндегі қаржылық қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Жеңімпаздардың ішінде балаларды дамыту орталығы, көлік шеберханасы, жаттығу залын кеңейту, сауықтыру сән салоны, құймақ – кафесі, сонымен қатар шалғай ауылда дәріхана ашатындар да бар. Барлық кіші бизнес субъектілері жергілікті бюджетті толықтыруға өз үлестерін қосады. Бизнес-өтініштер жазу барысында жоба сарапшылары байқауға қатысушыларға қолдау көрсетті.

 

Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын  «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» жобасы 2017 – 2020 жж. арасында «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қоры» (Болгария), «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ және «ЭКОЦЕНТР» Қарағанды облыстық экологиялық орталығымен жүзеге асырылады. Жобаның жалпы бюджеті – 470,000 евро (ЕО үлесі  – 420 000 евро). Жоба мақсаттары ауылдық аймақтардың экономикалық дамуына себептесіп және жергілікті қауымның жергілікті билік органдарымен қарым-қатынасының мүмкіндіктерін ұлғайта отырып, 100 нақты қадам Ұлттық Жоспарына толығымен сай келеді.

Қосымша ақпарат
Қосымша ақпарат алу үшін «ЭКОЦЕНТР» Қарағанды облыстық экологиялық орталығы ҚБ директоры Меруерт Курмашоваға: 8(7212) 562922 +7 701 255 3668, e-mail: ecocenter2010rk@gmail.com; Жоба менеджері Нұршат Ертаеваға: +7 (7172) 516 964, nurshat@argonet.org; немесе Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің хатшысы Эльнара Байназароваға, e-mail: elnara.bainazarova@eeas.europa.eu хабарласыңыз