Атырауда мемлекеттік органдар өкілдерінің, бейкоммерциялық сектор және бизнестің басын қосқан, І Республикалық «ASAR» үш жақты серіктестік форумы өтті. Нәтижесінде аймақтық та, ұлттық та деңгейде ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік органдар арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.
Ұйымдастырушылардың айтуларынша, форумның мақсаты – серіктестіктің тиімді тұғырнамасын құру. Мұндай үш жақты серіктестік, мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың сенімі бойынша, мультипликативтік нәтиже ретінде: жаңа идеялар, технологиялар, және соның арқасында, қызмет көрсету сапасын, жұмыс орындарын және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады.
Қазақстанда ҮЕҰ-Бизнес-Мемлекет үлгісіндегі әлеуметтік серіктестік жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі таңда мемлекет үш жақты серіктестікті дамыту үшін қажетті жағдайды әрдайым жетілдіру үстінде. Бірлескен қызмет идеялар мен технологиялардың жаңа ағылып келуіне ықпал етеді, соның арқасында, қызмет көрсету сапасы артады, жұмыс орындары құрылады және тұрғындардың өмір сүру сапасы өседі», – деп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова форумды ашқанда атап өтті.
Өз кезегінде дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, болашақта «ASAR» еліміздің барлық аймақтарында жыл сайын өткізілетін болады деп уәде берді. Мемлекеттік органдар мен бизнестен бөлек, форумға 200 ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Қазір БКҰ, бизнес және үкімет бұл жақсы әлеуметтік қызметтер мен сапалы әлеуметтік өнімдер ұсына алатын тең серіктестер. АҚДҚ, бейкоммерциялық ұйымдардың мүмкіндіктерін дамытумен айналыса отыра, одан әрі қарай бірге жұмыс істейтіндей, қоғамға қажет көмекті бұдан да жақсы әрі тиімді етіп жеткізе алатындай, әлеуметтік серіктестердің жаңа ұрпақтарын құрастыруда. Тек біздер ғана емес, басқа ұйымдар да. Корпорациялардың, ірі өнеркәсіптер мен кәсіпкерлердің қазіргі таңда әлеуметтік инвестициялауды дамыту трендте екенін білгендері маңызды, оның басқа қолдаулардан айырмашылығы, бизнес қорды қоғамға мақсатты түрде, яғни, қоғамның нақты қажеттілігін ескер отыра салады», – деп азаматтық қоғамды дамыту Қауымдастығының атқарушы директоры Жәмила Асанова өз сөзінде атап өтті.
Қатысушылар форумда мемелекет, ҮЕҰ және бизнестің қарым-қатынасын жүйелі негізде құру туралы мәселелерді талқылады. Алашқы күнннің өзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында құрастырылып, оған 87 жаңа жоба енгізілген әлеуметтік бастама Картасының тұсаукесері өтті.
Бүгін ҮЕҰ жағынан өте көп жобалар ұсынылды. Өздеріңіз де көрдіңіздер, біздің кәсіпкерлер бұл жобаларды қолдады. Бұл кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі өсуде деген сөзді білдіреді», – деп «Атамекен» КҰП кәсіпкерлер Кеңесінің төрайымы Әлия Беккужиева атап өтті.
Аталмыш алаң ҮЕҰ үшін өте қажет, өйткені көптеген кәсіпкерлер қолдарында барын салуға болатын жобаларды, идеяларды іздеп, осындай шараларға қатысады. Бұл форум бүгін маған да көп көмек көрсетті. Менің жобам бүгін қолдау тапты, енді біз оны іске асыратын боламыз», – деп «Жүректен жүрекке» ҚҚ жетекшісі Әйгерім Досқалиева атап өтті.
Тиімді болып отырған үш жақты серіктестіктің үлгісімен АҚДҚ-тың атқарушы директоры Жәмила Асанова да бөлісті. Мәселен, Атырау мен Маңғыстау облыстарында кәсіпкерлік пен БКҰ-ның шынайы қажеттіліктер туындаған адамдарды анықтауларының арқасында, жергілікті өкімет органдарының атсалысуымен аумақты дамыту жобасына толықтырулар енгізілді.
Әлеуметтік инвестицияларды таңдаудағы басты мәселе болып, қауымдастықтың шынайы қажеттілігінен туындайтын үш жақты серіктестік (кәсіпкерлік, қоғам және өкімет) болып саналады. Мысалы, ауылда бала туу өскен сайын, мектептерде қосымша сыныптар, немесе бала-бақшаларда топтар құру қажеттілігі туындайды, ал аймақты дамыту жағынан жергілікті әкімшілікте өзге басымдылық: жол салу құрылысы немесе қаланы көгалдандыру қажеттілігі пайда болады. Міне, өкіметтің жоспарлары тұрғындардың қажеттілігімен сай келмеген осындай жағдайларда, тұрғындарға БКҰ арқылы кәсіпкерлікпен серіктес болғандары тиімді, – деп атап өтті Жәмила Асанова.
Форумның алғашқы күні әлеуметтік жобалар мен идеялардың Жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонда ұсынылған 10 жоба, әп-сәтте кәсіпкерліктен қолдау тапты. Жинақталмалы сессиялардан бөлек, қатысушылар «Спикер #7» интеллектуалды конференциясында да болды. Бірінші күннің нәтижесінде аймақтық та, ұлттық та деңгейде ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік органдар арасында серіктестік туралы 10 меморандумға қол қойылды.
Форумның екінші күні әлеуметтік кәсіпкерлік, азаматтық бюдженттендіру, БКҰ және бизнестің өзара әрекеттестігі бойынша семинарлар мен шеберлік сабақтары өтті. Астанадағы АҚДҚ өкілеттігінің басшысы Абай Мырхиннің «Жергілікті өзін-өзі басқаруға көшу жадайындағы БКҰ және бизнестің өзара әрекеттестігі» тақырыбында жасалған семинары да тыңдаушылардың қызыушылығын тудырды.
Атыраудағы бірінші Республикалық «Асар» үш жақты серіктестік форумында бизнес құрылымдар және үкіметтік емес ұйымдар бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы уәделесті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 106 жоба Атырау облысында іске асырылатын болады. Бұл жобаларға бағытталған миллиардтан астам теңге, жергілікті кәсіпкерлердің қаражаттары. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова атап өткендей, биылғы жылы еліміздегі мемлекеттік органдар ҮЕҰ бірігіп, 14 млрд. теңге шамасындағы қаржымен 2146 жобаны іске асыратын болады.