Демалыстар маусымы аяқталуда, бірақ Душанбеде әлі ыстық: жұрттың басым көпшілігі қала сыртында демалып жатқанда, «Атлас» қонақүйінде барлығы қызу жұмыс үстінде. Дәл осы жерде «Фидокор» мен АРГО мектеп ашты. Төрт күн ішінде жас үкіметтік емес ұйымдардың 30 өкілдері инновациялық құралдардың көмегімен жобалар жетілдіруді үйренді.
Мектепті ашудың ресми салтанатында «Фидокор» халықаралық қоғамдық ұйымының басшысы Дилбар Халилова, осыдан жиырма жыл бұрын өз ұйымдарын енді ашып жатқан кезде, мұндай мүмкіндіктер болмаған – деп атап өтті.
«Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы кең көлемді мәселелер жиынтығы, оларды жедел жою мен салдарын жуып-шаюда әлеуметтік инновациялар ерекше маңызды роль ойнайтындығына көз жеткізуге мүмкіндік туғызды. Біз бұл мектепті әлеуметтік инновациялық жобалар мен бағдарламаларды өңдеп әрі іске қосуда мүмкіндіктерін жоғары көтеру үшін, жас үкіметтік емес ұйымдар мен «тәжірибесі бар» ұйымның жас мүшелеріне арнап ұйымдастырдық», – деп Дилбар Халилова атап өтті.
Мектеп жаттықтырушысы, өзі АРГО тәртіптемесінен талай рет өтіп, бүгінде сол дәрістерін Тәжікстанда іс жүзінде үйретіп жүрген Музаффар Авазовтың айтуынша, бастапқыда ҮЕҰ жастары арасында жобаларды жазу тақырыбында оқытуды көбі құптамаған көрінеді.
«Жобалық мәлімдемелерді өз беттерімен жетілдіріп, дайындауды жас белсенділерге үйрету біздің тілегіміз емес, бұл ҮЕҰ басшыларының тілегі деп түсіндірдік», – деп ой қосты Музаффар.
«Фидокор» бағдарламасының ұйымдастырушысы Рустам Бахриддиновтың айтуынша, АҚҰ Мектебіне қатысатын үміткерлерді таңдаудың өзі инновациялық түрде өтті: қатысушыларды іріктеудің айқындығын көрсету үшін, кез келген адам сызбалық деректердің арқасында сұранымдардың бастапқы сараптамасын әлеуметтік желілерден көруге мүмкіндік алды.
«Еліміздің әр аймағындағы 58 ҮЕҰ өкілдерінен түскен 65 сұранымнан, 30 үміткер іріктеліп алынды. Содан біз тренингтерге аз қатысқан, мұндай оқудан өтуге мүмкіндігі аз дегендерді шақырдық. Бұл біздің саналы шешіміміз болатын. Тіпті Памирдегі әріптестеріміздің «Инновацияға арналған серіктестік» бағдарламасына қызығушылық тудырғанының өзі де нәтиже. Бұдан былай, тіпті де жақсы боларына мен сенімдімін!», – деп Рустам Бахриддинов атап өтті.
Төрт күн ішінде Тәжікстаннның барлық өңірлерінен, оның ішінде шалғайдағы қоғамдық ұйымдардың 30 шақты жас қызметкерлері, сонымен қатар, өз қауымдарының белсенді мүшелері болып жүрген қоғамдық өзіндік әрекет органдарының өкілдері, мақсатты топтардың әлеуметтік мәселелерін анықтауды үйренді, мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандар, еңбек мигранттары, жастар, экологиясы нашар тұрғындар және болашақ еріктілер. Шағын топтарда жұмыс істей отыра, олар көмек алушылардың тілегін бағалауды, индикаторларды жетілдіруді, жұмыс жоспарын, бюджеттендіруді, мақсаттар мен міндеттердің арасындағы айырмашылықтарды анықтай білуді, сондай-ақ, әлеуметтік серіктестік дегеннің не екенін және жобада табыс оқиғалары неліктен маңызды екендігін үйренді.
«Инновацияға арналған серіктестік» жобасының алдында тұрған мақсаттарға тоқтала отыра, Тәжікстандағы елдік директор Сохиба Рахимова, біріншіден, бұл тәжірибесі мол ұйымдар мен жас ҮЕҰ арасындағы тәжірибе алмасу, олардың өзара ынтымақтастығын нығайту деп баса айтты. Екіншіден, бұл жаңа технологиялардың көмегімен қазіргі заманның жаңа өзгеріс талаптарына бейімдейтін, желілік өзара әрекеттестік.
«Біз АҚҰ өкілдері ретінде: оқу мен зерттеулер жүргізіп, талаптарға баға беріп, өмір талаптарына сай болуымыз керек. Мұның барлығын шалғайда тұрып та, қашықтықтан атқара беруге болады. ҮЕҰ Жүйесінде қоғам өміріне жастардың қоғамдық қозғалыстарын құру туралы идея жетілді. Мұны АРГО ұйымдастырған Веб-академия арқылы азаматтық қоғам ұйымының мүмкіндігін жекеше жоғарылатудың инновациялық жүйесін енгізе отыра, коммуникация, интернет арқылы іске асыруға болады», – деп Сохиба Рахимова атап өтті.
Мектепке қатысушылар өз қоғамдастығының талаптарына бағаны мобильді қосымша арқылы, теле көпірлер мен басқа да құралдарды қолдана отырып, қашықтықта іске асыруға болатындығы туралы әңгімесімен қызығушылық танытты. Сарапшы ретінде инфографика бойынша тәжірибелі дизайнер Ахлиддин Салимов шақырылды. Ол қатысушыларға жеңіл мысалдар көмегімен, жобалық сұранымдар жасауда қолданылатын мультимедиялық құралдардың негізгі принциптерін меңгеруді үйретті.
«Ең бастысы, жобалық сұранымдарды жетілдіргенде, мәселені сипаттайтын ұзақ сонар мәтінді жете ұғынып отыруға мүмкіндігі болмайтын донордың уақытын бағалай білу керек. Нақ осы жерде сызбалық деректер немесе мәселені сандармен көрсетуге болады. Сіздің жұмысыңыз көріп танысу арқылы есте тезірек сақталады», – деп Салимов баса айтты.
Тренингке қатысушылар мультимедиялық инновациялық құралдардың әсерін өздері байқап көрді: егер де алғашқы күні олар шағын топта таныстыру рәсімдерін флипчартқа жүгініп, стикерлер мен маркерлер қолданып өткізген болса, басқа күндері өз жобалары бойынша атқарымдарын планшеттер мен ноутбуктардағы бағдарламалардың көмегімен ұсынуды үйреніп алды.
«Мектепке, жалпы оқу тренингіне, бұл менің алғашқы қатысуым. Осы төрт күн ішінде, мен көптеген қызықты нәрселер білдім және жобаларды егжей-тегжейлі жетілдіруді үйрендім. Маған барлық тақырыптарды игеріп алуға бұл уақыт аз сияқты болып көрінгенімен, ұйымдастырушыларға мың да бір рахмет, біз жобалық сұранымдарды инновациялық тәсілдерді қолдана отыра жазудың негізін үйрендік деп ойлаймын – деп Душанбедегі АҚҰ Мектебінің қатысушысы Махина Шоева атап өтті.
Мектепке қатысушылардың басым бөлігі – шын мәнінде, бұл іске әлі үйренбеген. Мысалы, «Рухафзо» ҚҰ-нан Салмоншо Рахмонов бар болғаны 18 жаста, ол жақында ғана студент болды және азаматтық белсенділік оның оқуына кедергі келтірмейтіндігіне сенімді.
«Мен осы Мектептен алған машықтарымды мейлінше тез әрі пайдалы қолдануға тырысамын: менің ойымда идеялар көп, бастысы – жобаны іске асыру үшін қолдау табу. Біздің әрқайсымыз да адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге дайынбыз», – дейді Салмоншо.
АҚҰ Мектебіндегі «Әлеуметтік мәселелерді шешудегі инновациялық тәсілдемелер» дәрісін алу қатысушыларға жобалары мен бағдарламаларын өз беттерімен жетілдіруді ғана үйретіп қоймай, бірнеше ҮЕҰ күштерін біріктіріп, іс-әрекеттерін нығайтуға себін тигізді. Соның арқасында, бірнеше адам өз идеяларын іс жүзінде қолданып және өз ұйымдарының атынан жобалық сұранымды дайындауға ниет білдірді. Әсіресе, қазан айында грант алу байқауы өтеді дегенді естісімен тіпті де.
«Мұнымен жас ҮЕҰ-мен біздің серіктестігіміз ақяталмайды. Біз әлі қайтадан кездесіп, Мектеп өткізгеннен кейін қолдарынан не келгенін, олардың нәтижелерін көру үшін, followup өткіземіз. Біздің жоспарымызда – оларды қадағалау емес, осы ұйымдарға мәселелерін шешуге көмектесу – кеңес беру болсын, немесе аздаған қаржылық көмек болсын, ең бастысы, осы жас ұйымдар бір орында тұрып қалмай, өз күштеріне сенетіндей болу керек», – деп Дилбар Халилова Мектептің жабылу салтанатында атап өтті.
Тәжікстанның ҮЕҰ шамасын нығайта түсу үшін «Фидокор» мен АРГО бірлесіп, тағы да көптеген қызықты жобаларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
«Бұл мектеп маған көп жақсы білім берді, бұл жерде барлығы да қызықты болды. Мен ҮЕҰ-ға жаңа келген адам болғандықтан, бұрындары мемлекеттік секторда қызмет істегендіктен, мен үшін алғашқы күндер қиынға соқты, мен индикаторлардың қажеттілігін, мониторинг жоспарын және баға беруді түсіне алмадым. Ал жобаның сұлбасы көріне бастағанда, барлығы өз орнына келді. Егер мүмкін болса, мен ұйымдастырушылардан алдағы уақытта әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша тренинг өткізуді ұйымдастыруларын сұрайын деп едім, меніңше, бұл көбі үшін пайдалы болатын сияқты», – деп Лахш ауданынан келген қатысушы Телек Шарипов ой бөлісті.
«Біздің ұйым көптеген жобаларды іске асыруда тәжірибелі болғанымен, өз әлеуетін көтеруге кейбіреулерінің шамасы келмейді. Мен үшін мониторинг жоспары мен бағалауды жетілдіруді үйрену инновация болды. Мектеп маған көп мүмкіндіктер берді», – деп Душанбеден келген қатысушы Зарнигор Раджабова мойындады.
Мектептің жұмысы аяқталғаннан соң, қатысушылар білім қорлары және жаңа идеялармен тарасты. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, доңғалақ ойлап шығарудың қажеті жоқ, ескі тәсілдерді еске түсіріп, жаңа құралдарды қолдана отырып, соларды қайта пайдаланып, қазіргі жағдайға бейімдесе жеткілікті, нәтижесінде – өз идеяңды іске асыру үшін, ары қарай лайықты жобаны жетілдіріп және грант алуға ұсыну қажет. Ең бастысы, өз күшіңе сену керек.
Тәжікстанның шалғайында орналасқан мекендерде жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінің басым көпшілігі үшін, осы тәрізді дәрістер өз қауымының өмірін жақсы жаққа өзгертуге ынталандыратын болады. Сөз ретінде, бұл барыс басталды: Бохтар ауданы, Мехнатобод жамағатының махалла кеңесі өкілі Фарход Джалолов, отанына оралған соң, ауылдастарыммен бірігіп, өздерінің қоғамдық ұйымын тіркейтін боламын, деп шешті.