Волонтерлық өмір салты

волонтеры

3 ақпан күні  Алматыда  көршілес бес ел – Әзербайжан, Қазақстан, Тәжікстан және Түркіменстанның  волонтерлық көшбасшыларын жинаған «Волонтерлықты дамыту» деп аталатын бірегей тағылымдама басталды.  Аталмыш тағылымдама, «АҚДҚ» Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығы іске асырып жатқан «Инновацияларға арналған серіктестік» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Бұл тағылымдама Алматыда өтіп жатқан 28 – ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың соңғы күндерімен пара пар келгені бекер емес. Ауқымды спорттық форум,  тағылымдамаға қатысушылар үшін  волонтерлардың жұмысымен  іс жүзінде мемлекеттік деңгейде танысуға мүмкіндік беретін жан-жақты және көрнекті  шара болмақ. Қатысушылар спикерлер мен жаттықтырушылардан дәріс алып, қазақстандық волонтерлық  ұйымдардың керемет ұйымдастырылған жұмыстарын өз көздерімен көріп, жинаған білімдерін  «іс жүзінде» бекітулеріне мүмкіндік ала алады.

Тағылымдама аясында, бес елдің қатысушылары Универсиада жарыстарын өз көздерімен көріп, осы форумның дирекциясымен кездесіп,  волонтерлардың қызметін тек жарыстарда ғана емес, кеңседе де байқап,  халықаралық ірі шараларға волонтерларды дайындау шарасы мен техникасын түсінуге мүмкіндік алады.


Тағылымдаманың теориялық бөлігі волонтерлықтың әр саласындағы көшбасшылары болып табылатын,  Қазақстандағы спикерлер және жаттықтырушылармен  қамтамасыз етіледі.  Қазақстандағы аутизм және басқа да дамуы жағынан проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсететін «Ашық әлем» демеу Қорлары, «Это Двор» жобасы, «Старость в радость» жобасы, жарымжандық әйелдердің «Шаңырақ» Қауымдастығы, Психоаналитикалық қауымдастық пен «Тренинг-кафе», «Я волонтёр»  командасы сияқты ұйымдар мен жобалардың өкілдері сөз сөйлейді. Тренингті Татьяна Миронюк пен Елена Амреева  сияқты шеберлер өткізеді.

Волонтерлық — азаматтық қоғам саласындағы әлемдік бастаманың бірі. Дүние жүзі бойынша миллиондаған волонтерлар, барлық қызметі – қайырымдылық, экология, халықтың осал топтары, спорт және басқа да көптеген салалар бойынша әр минут сайын әлемді жақсартуға тырысуда. Бүгінгі тренинг,  Орта Азия мен Әзербайжандағы волонтерлықтың дауы үшін ауқымды алаң болары сөзсіз. Бүгіндері біздің елдің волонтёрлары  жаралып, болашақта жақсы нәтиже беретін достық пен ынтымақтастықтың  мықты көпірін құра алатындарына күмән жоқ.