Короновирус пандемиясына байланысты жағдай бойынша «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының» ӨТІНІШІ

COVID-19 жаһандық пандемиясы адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті және қазіргі әлемге жаңаша көзқараспен қарауға мәжбүр етті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазіргі жағдайды «жалпы адамзаттық дағдарыс» деп атады және елдерді пандемияға қатысты адам құқығына бағытталған, келісілген, жаһандық және бағдарлы тәсілді қабылдауға шақырды.

Өзгермелі әлем жағдайында әлеуметтік сала мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі индикаторы және экономикалық пен әлеуметтік тәуекелдерді басқару құралы болып табылады. Оған тікелей байланысты денсаулық сақтау және білім беру жүйесі бар, олардың деңгейі пандемиядан кейін елдің бәсекеге қабілеттілігін өңірлік деңгейде ғана емес, жалпы халықаралық координаттар жүйесінде де айқындайды.

АРГО Ұлттық коммерциялық емес қауымдастық бола отырып, Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Президент пен Үкіметтің күш-жігерін таниды және бағалайды.

COVID-19-ға қарсы күрестегі барлық шаралар заңды, барабар, қажетті және кемсітпейтін болуы тиіс деп есептейміз. Пандемия жағдайында мемлекеттік ұйымдарға халықты уақтылы, барабар ақпараттандыруға, халықтың барлық топтары үшін қажетті әлеуметтік және медициналық көмек беруге жауапты тәсіл көрсету аса маңызды болып табылады. Еңбекшілердің құқықтарын қорғау және жұмыссыздар санын барынша азайту үшін іс-қимылдар үздік болуы тиіс. Қазақстан Үкіметінің тиімді шешімдерін уақтылы енгізу халықтың іске асырылатын мемлекеттік шараларға сенімін арттыруға және пандемияның әлеуметтік салдарын жеңілдетуге көмектеседі.

Біз қалыптасқан жағдайда шешім қабылдау процестеріне тікелей, белсенді қатысу арқылы құқық саласындағы стандарттарды сақтауды күшейту үшін елеулі әлеуеті бар азаматтық секторға да шешуші мән тиесілі екенін атап өтеміз. Осыған байланысты, азаматтық сектордағы сарапшылардың көмегі жергілікті жерлердегі мемлекеттік ұйымдардың іс-қимылдарының айқындылығына, икемділігіне және бақылауына көмектесетін болады, сондай-ақ коронавирусқа қарсы күрес бойынша Үкімет жүргізіп отырған шаралардың тиімділігіне ықпал ететін болады.

Бұдан басқа, АРГО азаматтарды өз денсаулығына және жақындары мен әріптестерінің денсаулығынажауапкершілік деңгейін арттыру үшін бірігуге шақырады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауға қатысты жекелеген азаматтардың мінез-құлқына жол берілмейді деп саналсын және барлығын осындай көріністерге «мүлдем төзбеушілікке» шақырады. Тек жоғары сезіммен, шыдамдылықпен және болашаққа деген өз құқығымызды іске асырумен ғана осы дағдарыстан аз шығынмен шығуға мүмкіндігіміз бар. Адам өмірі бізге артық берілген абсолюттік құндылық болып табылады және тек біз өзімізге және өз елімізге көмектесуге қабілетті боламыз.