Инновациялар туралы 10 минуттың ішінде

Анна Таджимуратова

«Даму тарихы: ішкі көзқарас» конференциясында Speed dating үлгісінде ерекше сессия өтті. 10 минуттың ішінде 10 спикер өз жұмыстарындағы  инновациялармен бөлісті.

Архангельскіден келген «Гарант» Қорының жетекшісі Марина Михайлова былай деп мәлімдеді: «Мен сіздердің әлеуметтік жобаларыңызға қаржыны қалай табудың 100 және бір тәсілін білемін». Мұндай аңдатпа, қатысушылардың үлкен тобын жинағаны сөзсіз. Марина қызмет етіп жүрген Қор, нағыз брендке айналған «Добрый Архангельск» жобасын бірнеше жылдар бойы іске асырып келеді. Жобаның мағынасы, ірі супермаркеттерде  алдымен қажетті тауарлары бар  аздаған жинақтамалардан тұратын «мейірімділік қалталары» пайда болды.Марина Михайлова

Медиа сарапшы Гүлім Әмірханова Living Asia экологиялық жобасын мысалға ала отырып, оны алға бастырудың инновациялық тәсілдерімен бөлісті. Жоба аясында бірегей лонгридтер, инфографика мен бейнероликтер дайындалды.

«Не нәрсеге де мұқият назар аударыңыздар, мәселен, кәдесый өнімдеріне. Біз шығарған бейнелердің жарқын болғаны соншалық, адамдар біздің сөмкелер мен жеңіл жейделерімізді сатып алғылары келеді. Бірқилы идеялар іздеңіздер. Менің көзқарасым бойынша, инновация – бұл тек технологиялар ғана емес, сонымен бірге, сіздердің контенттеріңіздің сезімінен шығып жатқан жан толғанысы да», – деп Гүлім Әмірханова атап өтті.

Гулим АмирхановаReach For Change Kazakhstan өкілі Зүлфия Әбдіхалықова, әлеуметтік жобаларды алға бастыру мен дамытуға көмектесетін қаланың үш буынды үлгісі туралы әңгімелеп берді.

«Бірінші буынымен танысыңыздар. Қаланың немесе ауданның физикалық кеңістігі. Менталды карта құрыңыз, әр ауданда есте қаларлықтай не бар, олар бір-біренен несімен ерекшеленеді. Сол ауданда тұратын адамдармен танысыңыздар. Олар не ойлайды, қайда барады, бір-бірімен қандай қарым-қатынаста. Әр түрлі адамдардың, оның ішінде өз қызметтестеріңіздің  қызығушылығын тудыру үшін, геймификация тәсілін қолданыңыздар. Адамдар арасындағы әлеуметтік ықпалдарды бақылаңыздар», – деді қатысушыларға Зүлфия Әбділхалықова.

Зульфия Абдухаликова

 

«Біз медиа, ҮЕҰ және ІТ-мамандар бірлескен жобаларын құрған кездегі инновациялық зертхана үлгісін жасап шығардық », –  деп Internews Kazakhstan басшысы Марат Биғалиев өз тәжірибесімен бөлісті.

Марат Бигалиев

 

«Өздеріңіздің қоғамдық бірлестіктеріңізді рәсімдеудің әртүрлі үлгісін зерттеңіздер. Ресми мәртебе өз еліңде несие алуға да, халықаралық грант алуға да мүмкіндік береді», – деп Тәжіктсанна келген Тимур Нурлобеков атап өтті.

Жобаны іске асыруға қарапайым адамдар қалай көмек көрсете алатындығы туралы, алғашқы қазақстандық «Baribirge.kz» краудфандинг тұғырнамасын қалаушы, Анна Таджимуратова айтып берді:

«Қаражат жетіспей ме? Адамдардан көмек сұраңыздар! Мағыналы идеяларды қашанда қолдайды. Краудфандинг – қолдау, мүдделестер табу, жобаға PR жасау мүмкіндігі».

Innovation for Change-ден Ноэл Диковер қатысушыларға адамдардың  ғаламдық желілерінің және ұйымдардың өзара идеяларымен бөлісу үшін, уақыт талабы мен шешуді құру мүмкіндіктерін ұсынды.

«Жетекшілер мен ҮЕҰ өкілдерінің күштерін біріктіріп және жаһандандыру – нақты күш-қуат», – деп мәлімдеді Ноэл Диковер.

Ноэл ДиковерҚазақстандағы Дүниежүзілік банкі өкілеттігінің кеңесшісі Татьяна Седова да өз тәжірибесімен бөлісті.

«Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан кен қазу саласындағы халықаралық айқындық Бастамасына қосылды. Бұл дегеніміз, мемлекет тарапынан кен қазу саласындағы кірістер туралы мағлұматтар қолжетімді болу керек, әлеуметтік аудит өткізілу керек. Және де, бұл коммерциялық емес сектор үшін үлкен мүмкіндіктер береді».

Адамдар құқығын қорғау бойынша ұсынысын Қырғызстандағы белгілі құқық қорғаушы Толекан Исмаилова айтып кетті.

«Адамдарды қолдау үшін, олардың мәселелерін шешу үшін аяушылық емес, жанашу қажет», – деп мәлімдеді Толекан Исмаилова.

Speed dating үлгісі – бұл конференция аясындағы тақырыптардың шеберлік-кластарында егжей-тегжейлі айтылатын бірқилы аңдатпасы екенін ескере кетейік. 10 минуттың арқасында қатысушылар «тақырыпты сіңіріп», таңдау жасай алды. Келесі күні сарапшылардың барлығы, шын мәнінде қызығушылық білдіргендерге бір жарым сағаттық шеберлік-кластарын өткізді.участники конференции