Астанада ҚР СІМ жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес беру органының кезекті отырысы өтті

КСО

2018 жылдың 25 қыркүйегінде елордада ҚР СІМ жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес беру органының отырысы өтті.

Отырыста қатысушылар Әмбебап мерзімдік шолу аясында адами өлшемдер саласындағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестерінің жүзеге асу барысы туралы сөз қозғады.

Бұдан өзге, БҰҰ-ның бейбіт жиындар мен ассоциациялар еркіндігінің құқықтары мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Майна Киаидың кеңестерін орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жайы талқыланды. Азаматтық қоғам өкілдері Еуропалық Одақ қолдау білдірген жоба шеңберінде халықаралық органдардың және АҚДҚ ККО-ның 50 кеңесінің енгізілу жұмыстары туралы әңгімеледі.