«АРГО» Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығы – азаматтық қоғам ұйымдарын (АҚҰ) біріктіретін, Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға қызмет көрсететін ұлттық қауымдастық. АРГО Республика аумағындағы АҚҰ ресурстық орталықтарын біріктіріп, ресми түрде 2004 жылы тіркелді. Оның әрбір қатысушысының өзіндік ҮЕҰ желісі бар. Осылайша, АРГО өз мүшелеріне Қазақстандағы ҮЕҰ 80%-нан артық санына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Ал соңғы жылдары оның қызмет ету салалары бүкіл Орта Азия, ТМД және Оңтүстік Азия бойынша кеңейе түсті.

Міндеті

 АРГО – бұл әлеуметтік-экономикалық даму бойынша ұлттық, өңірлік және халықаралық бағдарламаларды жоспарлау және әкімшіліктендірумен кәсіби деңгейде айналысатын коммерциялық емес ұйым. АРГО үшін басымды аймақтар болып Орта Азия, ТМД және Оңтүстік Азия елдері табылады.

 

АРГО азаматтық қоғам дамуының инновациялық әдістерін қолданады. Қауымдастық Қазақстан, Орта Азия және ТМД елдері аймақтарында тренингтер, консультациялар, «дөңгелек үстелдер», мониторинг, бағалау, ресурстық орталықтар қызметтерін қосқанда, институционалдық даму бойынша 30000-нан аса қызмет көрсеткен.

Қазақстан Республикасында алғашқы рет АРГО «ҮЕҰ және мемлекет: тиімді әріптестік бағытын ұстану» атты Ұлттық Баяндама даярлаған.

АРГО және Қауымдастық мүшелері мемлекеттік құрылымдармен байланыс құру, ашық қатынасу, өзара әрекеттесу және адалдық орнату үшін күш жұмсады. АРГО жергілікті билік органдарының қызметшілерін азаматтық қоғаммен жұмыс істеудің барлық басымдықтарына оқытуды жүргізеді.

АРГО аса ірі компанияларға әлеуметтік бағыттану жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға және жүзеге асыруға көмектесе отырып, бизнеспен табысты өзара әрекеттеседі.

ның Қазақстанның мемлекеттік билік органдарының, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық және шетелдік ұйымдардың барлық деңгейлерде АРГО-ны тануы оның табысты қызметінің нәтижесі болып табылады.

АРГО ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Консультациялық-кеңесу органының мүшесі, сондай-ақ ҚР Үкіметі және Парламенті жанындағы және басқа да мемлекеттік органдардағы жұмыс топтары мен қоғамдық кеңестерінің мүшесі болып табылады.

АРГО жетекшілерінің мемлекеттік және салалық дәрежеде марапатталуы қауымдастық қызметінің табыстылығының дәлелі болып табылады.

Қазақстанда алғашқы рет АРГО «Әлеуметтік кәсіпорындарды дамыту» тақырыбындағы 25 пилоттық жобаны орындады. АРГО азаматтық қоғамды дамыту саласында зерттеушілік, сарапшылық және аналитикалық жұмыс жүргізеді.

 

Таяудағы жылдардарда АРГО келесі іс-шараларға қатысты және оларды ұйымдастырды

  • АРГО «Innovation for Change» жаһандық бастама көшбасшыларының бірі болып табылады. 2016-17жж. азаматтық қоғам үшін өңірлік хаб жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды, инновациялық зертханалар мен Орта Азия, Ауғанстан және Моңғолия елдерінің қатысуымен басқа да шаралар өткізілді.
  • «Бағдарламаларды бағалау» Халықаралық желісінің конференциясын (құрамына 500 аса мүше – ТМД елдерінің мамандары кіретін) АРГО 2005 жылы және 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілер академиясымен бірлесе ұйымдастырған.
  • «ҮЕҰ-ның Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі» халықаралық конференциясы. АРГО презентациясы: «Қазақстандағы мемлекет және ҮЕҰ ынтымақтастығын дамыту перспективалары».
  • Алматы Мемлекеттік Университетінде «ҮЕҰ-лардың құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлі» конференциясы.
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында «Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамыту тенденциялары» презентациясы.
  • 2009 жылғы Корпоративтік жауапкершілік бойыша конференциядағы фасилитация.
  • АРГО тұрақты негізде Орта Азия, Кавказ, Беларусь, Ресей және Қазақстан елдеріндегі әріптес ұйымдар үшін әлеуметтік серіктестік, коммерциялық емес ұйымдардың тұрақтылығы және басқа да сұрақтар бойынша екі жақты ақпарат және тәжірибемен алмасуды ұйымдастырады.
  • 2009 жылдан бастап АРГО Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжам Институтымен (КИМЭП) бірлесе отырып, «Даму тарихы: іш жағынан көзқарас» жыл сайынғы Халықаралық конференциясының ұйымдастырушысы болып табылады. Конференция материалдары бойынша жыл сайын кітап жарияланады.

 

АРГО бизнес құрылымдарды, АҚҰ-ларды және т.б. қосқанда, халыққа әлеуметтік қызметтер ұсынатын қауымдастықтар мен ұйымдардың әлеуетін дамытуға бағытталған оқыту, техникалық қолдау, зерттеулер мен бағдарламаларды басқару бойынша қызметтердің толық жинағын ұсынады.

 

Біздің цифрлар

2 120-дан аса мемлекеттік қызметшілер стратегиялық әлеуметтік әріптестік саласында оқытудан өтті;

Азаматтық қоғам секторында 60 эдвокаси кампаниялар өткізілді;

АҚҰ жетекшілері үшін эдвокаси тақырыбына 53 тренинг өткізілді;

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен 50 серіктестік қатынастар орнатылды;

Нақты саяси сұрақтарды шешу үшін 42 коалицияның құрылуына бастамашылық болды;

Орта Азиядағы жергілікті АҚҰ және қоғамдық ұйымдармен жалпы сомасы $4 000 000 қаражатқа  500 аса шағын жобалар мен келісімшарттар әкімшіліктендірілді;

Қазақстандық жетекші АҚҰ-мен коммерциялық емес ұйымдар және мемлекеттік мекемелер арасындағы ынтымақтастықты қабылдау мәселелері бойынша зерттеулер әзірленді;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ҮЕҰ-ны дамыту туралы алғашқы қазақстандық ұлттық баяндамасы;

120-дан аса елден келушілерді жинайтын «Интерактивті қоғам» интернент-порталы  (www.cso-central.asia) құрылып, табысты дамып келеді.