19 қыркүйекте Алматыда өткен 60-тан астам адам «Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) тұрақты даму мақсаттары және жергілікті деңгейде локализациялау тәсілдері» атты практикалық семинарға жиналып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі – ТДМ) жергілікті деңгейде басымдық беру мәселелерін талқылады. Семинарды БҰҰДБ, АДБ қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ұйымдастырды.
Қатысушыларды құттықтау сөздерімен Алматы қаласы әкімшілігінің Стратегия және бюджет бөлімінің бастығы Нұртас Қайыров пен БҰҰДБ тұрақты өкілінің көмекшісі Ирина Горюнова қарсы алды.
Семинарды Экономикалық зерттеулер институты басқармасы төрағасының орынбасары Шахарбану Жақыпова ашты.
Семинарға жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес өкілдері, студенттер, сонымен қатар,тәуелсіз сарапшылар қатысты. Атап айтқанда, шараға «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының өкілдері қатысты. «АРГО»әрдайым аймақтағы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ҮЕҰ секторын белсенді түрде тартып, қатыстырады.
БҰҰДБ техникалық қолдауымен «Миссия-2030» тәжірибелік тренингтіңнәтижесінде қатысушылар Алматы қаласының тұрақты дамуының өзекті мәселелерін анықтады. Халықтың әртүрлі санаттарындағы пікірлердің жиынтығы осы мәселелер мен ұзақ мерзімді көріністерді шешудің тұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Семинар барысында қызықты ойындаөтті. Оның мақсаты азаматтарды Тұрақты Даму Мақсаттарын жүзеге асыруға тарту үшін ортаны қалыптастыруды үйрену және ТДМ нысандарын оқшаулаудың басымдылықтарын анықтауболды. Ойынды Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары және модераторлар тобы өткізді.
Тренингті БҰҰ және БҰҰДБ сарапшылары, соның ішінде Босния және Герцеговинадан келген қонақтар, «Миссия2030»әзірлеушілері- Энвеза Ходзич Ковачханымжәне Амир Хаджич мырза қадағалады.
Институттың Стратегиялық зерттеулер және тұрақты даму орталығының қызметкерлері, сонымен қатар БҰҰДБ сарапшылары тәжірибеліктренингтің фасилитаторлары ретінде болды.
Семинардың Алматы қаласыбойынша нәтижелері Қазақстанда ТДМіске асырудың келесі кезеңінде ескерілетін болады.