Әлемді өзгертіп жатқан инновациялар

конференция

14 елден 230 адам, 38 спикер –  «Даму тарихы: ішкі көзқарас» Халықаралық конференциясының ауқымы осындай. Ол Алматыда 28-29-шы маусымда сегізінші рет өтті. Мазмұнды болған екі күнде пікірталастар, сайд-ивенттер мен шеберлік-класстар өткізілді.

Ашылу салтанатында конференцияға қатысушыларды ұйымдастырушылар, серіктестер және шараның қонақтары құттықтады.

USAID Central Asia өкілдігінің басшысы доктор Чима Джатиндер:

«Бүгінгі шараға қатысу, мен үшін үлкен құрмет, осындай шараларға қатысудан асқан ғанибет жоқ. Азаматтық қоғам кез келген қоғам үшін ұйытқы болып табылады. Сіздер бір-бірлеріңізбен, басқа да елдермен қарым-қатынастасыздар. Бізге ортақ мақсат үшін бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігінің болғаны маңызды».

«Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының» атқарушы директоры Жәмила Асанова:

«Біздің конференция сегізінші рет өткізілуде, осыдан сегіз жыл бұрын оншақты ҮЕҰ арналған кіші-гірім семинардан басталған болатын, ал бүгінде, аталмыш шара он елден келген 200-ден астам қатысушылардың басын қосып отыр. Бұл – азаматтық қоғам институтын дамыту аясында қол жеткізген үлкен жетістік».

Фото ДжамилиГүлбара Сұлтанова, Азаматтық қоғам істері бойынша комитет, Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам істері және дін бойынша Министрлігі:

«Жыл сайын конференцияның деңгейі өсіп келеді. Сіздер инновациямен трендте келесіздер. Біздің министрлік сұхбаттасу үшін үшін ашық және де біз үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің тұрақталуын көтеруге бағытталудамыз».

Ресми ашылу кезінде қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік алып, азаматтық секторды дамыту туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Көптеген сауалдар USAID Central Asia өкілдігінің басшысы Чима Джатиндерге арналды.

«Азаматтық қоғамдағы инновация» атты бірінші пленарлық сессияда Орта Азия мен Әзірбайжаннан және басқа да елдерден келген сарапшылар, азаматтық секторды дамытуға байланысты трендтер мен беталыстарын, өздерінің үдерістер бойынша көзқарастарын ұсынды.

«Орта Азияда қашанда әртүрлі халық өкілдері тұрған – біз аймақта әртүрлі тілдердің, мәдениеттің араласып жатқанын көріп жүрміз. Бұл маңызды ықпал, себебі қоғам әртүрліліксіз дами алмайды», – деп халықаралық кеңесші Филипп Райхмут атап өтті.

Конференцияның құрметті қонағы Алан Ваддамс байқағандай, «біз Қазақстанда азаматтық қоғамның қолдауын көріп отырмыз».

«Бүгінде әлемдегі аймақтардың азаматтық қауымдастықтарының алдында тұрған негізгі сын-тегеурін – қолжетімділік мүмкіндігін беру. Біз ескі терімізден арылып, инновацияның ролін көруіміз керек!» – деп мәлімдеді Innovation for Change басшысы Алекс Сардар.

Инновациялар мазмұнын ғана емес, шараның үлгісін де қозғады. Сессиялардың бірі Speed dating үлгісінде өтті. 10 минуттың ішінде 10 спикер өздерінің азаматтық қоғамды дамыту мен қоғамның мәселелерін шешудегі инновациялық тәсілдерін ұсынды.

Бірінші күн тағы бір оқиғамен байланысты болды – Innovation for Change ғаламдық бастамасы, Орта Азия аймақтары, Ауғанстан, Монғолияны ортаға қосты.I4C1-2

«Біз шешімді аумақтағы қажеттіліктердің өзгерулерін ескере отырып қабылдап, өзгерістерге тез назар аударуды үйренуіміз керек. Бұл – Innovation for Change алға қойған міндеттерінің бірі», – деп мәлімдеді, Ауғанстанның Азаматтық қоғам институтынан келген Майванд Рахъяб.

Ең үздік әлеуметтік жобаларды марапаттау салтанаты, азаматтық қоғам өкілдері үшін маңызды оқиға болды. Байқауға 6 елден 50 шақты КЕҰ қатысты. 100-ден астам өтінім қабылданғанымен, тек 9 ғана жеңімпаз атанды. CSO New vision Award! қатысушылары атап өткендей – бұл азаматтық саладағы орта-азия аумағы бойынша жалғыз сыйлық.

Жарыспалы пікірталастар мен сайд-ивенттер қызықты болды. Биылғы жылы бұл алаңдарда өзін-өзі басқару, мемлекеттік органдар мен КЕҰ арасындағы өзара әрекеттестік, мақсаттық топтармен жұмыс жасау, қайырымдылық туралы, краудфандинг және басқалары туралы сөз қозғалды.

«Краудфандинг үлгісі – бұл тек жобаны қаржыландыруға мүмкіндік алу ғана емес, сонымен бірге, мүдделестер тауып, өз идеяңды басқа жағынан көріп, ауқымды PR-компания өткізіп, жобаның қаншалықты өміршең екендігін және кімге керектігін көру», – деп өзінің сайд-ивентінде Baribirge.kz. жоба жетекшісі  Анна Таджимуратова атап өтті.

Конференция аясында 2016-ші жылғы КЕҰ мақалалары кітабының тұсаукесері өтті, ал осы жылғы мақалалардың ең үлгілі авторлары сертификаттармен марапатталды.

«Даму тарихы: ішкі көзқарас» кезекті Халықаралық конференциясы әртүрлі сұрақтар бойынша, атап айтар болсақ, ҮЕҰ мен мемлекет арасында диалог құру, Қоғамдық және Консультациялық кеңестердің жұмыстарын тиімді ету, кедейлікпен күресу, экстремизмге жол бермеу және ауа-райының өзгеруі туралы аумақтардағы ҮЕҰ дамытуда негізгі бағыттарды белгілейтін қарар, құжаттарды қабылдаумен аяқталды.