Гүлсім Какимжанова

"ИРИС" ҚҚҰ директоры  Семей қ., Қазақстан
20 жылдан аса қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істейді. «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі, Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі қоғамдық акцияларды ұйымдастырушыларының бірі және халықаралық конференциялар қатысушысы, «Семей полигонынан зардап шеккен тұлғаларды әлеуметтік оңалту туралы» Заңының (1992) бастамашысы. «Ядролық сынақтардан зардап шеккендер одағы» қоғамдық бірлестігін құрды. Халықаралық Голдман экологиялық  сыйлығының дипломанты, 2005 ж.

 

Абай Мырхин

Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, АРГО Басқармасының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ақтөбе қаласындағы «Орта және Шағын Кәсіпкерлікті Дамыту жөніндегі Агенттік» Қоғамдық Қорының құрылтайшысы.

Коммерциялық емес секторда 20 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жер қойнауын пайдалану және экология саласындағы Қоғамдық Кеңес Президиумының төрағасы. Коммерциялық емес ұйымдар мен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы консультант және жаттықтырушы болып табылады.

 

Роза Абдуллаева

«Береке» ҚБ төрағасы, Шымкент қаласы.

Азаматтық қоғамды дамыту, халықтың шешім қабылдау үрдістеріне қатысуын күшейту, ҮЕҰ-лардың ұйымдастырушылық және институционалды әлеуетін арттыру саласында 17 жылдық жұмыс тәжірибесі бар сарапшы. Оның басшылығымен ұйым белгілі қазақстандық және халықаралық донорлар қолдайтын ірі және әлеуметтік тұрғыдан маңызды жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады.