GLocal жобасы екі пилоттық аудан – Қарағанды ​​облысының Қарқаралы қаласы және Қызылорда облысының Қамыстыбас ауылында, азаматтық қоғамның қатысуын арттыру арқылы тиімді басқару мен ОДМ-ны жергіліктендіруге бағытталған.

Жоба ОДМ-ды жергіліктендіру арқылы жергілікті дамуға аумақтық тәсілдеменің (TALD) тиімді моделін енгізеді.

Азаматтық қоғамның (АҚ) және жергілікті билік органдарының өкілдері ОДМ белгіленген басымдықтарымен өзара байланысты болатын жергілікті даму жоспарларын (ЖДЖ) әзірлеу және іске асыруға қатысады.

Азаматтық қоғам ұйымдары мен жергілікті билік органдары әлеуетті арттыру тренингтеріне қатысады, Халықтың бағалау картасын (PSC) пайдалана отырып, қоғамдық пікірді зерттеу арқылы Қазақстандағы ОДМ-ның жүзеге асырылуын бақылайды, сондай-ақ жаһандық, ұлттық және жергілікті диалогтарға қатысады.    

Негізгі мақсатты топтар:

Балықшылар, үй шаруасындағы әйелдер, кәсіпкерлер, жастар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, азаматтық белсенділер, еріктілер, қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдіктің басқарма мамандары, ұлттық саябақтардың мамандары мен басшылары қатысты.

   

Күтілетін нәтиже:

  • Азаматтық қоғам мен жергілікті билік органдарының 100 өкілі жергілікті ОДМ басымдықтарын анықтауға қатысады
  • Азаматтық қоғам және жергілікті үкімет 80 өкілі TALD және ОДМ жергіліктендіруге қатысу тәсілдері туралы білімін арттырды.
  • ӘҚҰ-дың 60 өкілі Қазақстандағы ОДМ жүзеге асырылу үдерісін бақылауға қатысады
  • Аумақтарды дамыту бойынша екі жергілікті жоспар әзірленді
  • Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті үкіметтер жергілікті қоғамдастық әрекеттері, ОДМ хабтары, сондай-ақ, ЕҰШ және БҰҰ деңгейіндегі ОДМ PSC есептері арқылы барлық дәрежелерде саясаттандыру диалогы және шешім қабылдау үрдістерін дамытуға өз үлесін қосты.

Жоба туралы ақпарат:

Қаржылық қолдау: EU

Жобаны жүзеге асыратын ұйым:

Үйлестіруші: Қазақстан Республикасындағы «АРГО» Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығы. 

Бірлескен бенефициарлар:

«ЭКОЦЕНТР» Қарағанды ​​облыстық экологиялық орталығы және «Бастамаларды қолдау» Қоғамдық бірлестігі Қызылорда.

Мерзімі: 15 сәуір 2024 ж. – 14 сәуір 2027 ж. (36 ай)

Орындалу орны: Қазақстан

Тірек сөздер: Азаматтық қоғам, тиімді басқару, ТДМ, TALD