Шешім қабылдау үрдісіне азаматтарды барынша қалай тартуға болады? Әлеуметтік қызметтерді жергілікті деңгейде қалай көрсетуге болады? Болгар муниципалитетінің өкілдері өздерінің тәжірибелерімен, көріністерімен және басқа да мәселелер бойынша тағылымдамаға қатысушылармен бөлісті. 2018-ші жылдың 21 мен 28 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкімшіліктері қызметкерлері мен АҚДҚ қызметкерлері, сондай-ақ, Астана қаласы мен ұлттық экономика Министрлігінің өкілдері жергілікті өзін – өзі басқарудың тәжірибесін іс жүзінде үйрену үшін, Болгарияда тағылымдамадан өтті.
Біріншіден, тағылымдама үшін Болгарияны таңдау неліктен негіз болды? Мәселе мынада, Шығыс Еуропаның саяси құрылымы посткеңестік кезеңде тарихи қалыптасқандықтан ұқсас, ал олардың тәжірибелері Қазақстанға жарамды. Екіншіден, Болгария – 1985-ші жылдың 15 қараша айында қабылданған, жергілікті өзін – өзі басқарудың Еуропалық хартиясын (ЖӨЕХ) бекітіп және қол қойған елдердің бірі.
Тағылымдама кезінде қатысушылар жергілікті деңгейде әлеуметтік қызметпен қамтамасыз ету, мәселелерді жергілікті деңгейде шешуге азаматтарды қатыстыру, жергілікті қауымдастықтармен бірігіп жиналыстар өткізу, ауылды дамутыудың жыл сайынғы жоспарын бірігіп қабылдау, жергілікті деңгейде айыппұл салып, салық жинау және тағы да басқа сол сияқты мәселелерді шешумен танысты. Бірінші күн аталмыш елдің астанасы – София қаласында өтті. «Болгариядағы жергілікті өзін – өзі басқару» тұсауекесері кезінде, Болгария Республикасы Кеңестер Министрлігінің Мемлекеттік Сарапшысы Алеко Джилджов мырза тағылымдамаға қатысушыларға жергілікті өзін – өзі басқарудың заңнамалық негіздері туралы айтып өтті. NAMRB (Болгария Республикасы муниципалитеттерінің ұлттық қаумдастығы) төрайымы Гинка Чавдаровамен өткен келесі кездесуде, Орталық және Жергілікті Үкіметтермен, сондай- ақ, жергілікті деңгейде мемлекеттік қызмет беру бойынша өзара әрекеттестік мәселелері айқындалды.
Тағлымдама өте биік деңгейде ұйымдастырылған. Мен жергілікті өзін – өзі басқаруды дамыту бойынша тәжірибе, сонымен қатар, қажетті білім алдым», – деп, Қарағанды облысы, Нұр ауданы, Жараспай ауылының әкімі Бағжан Біләлов атап өтті.
София қаласының бас сәулетшісімен өткен кездесуде, қатысушылар кенттену жоспары тәсілдері, қаланың архитектуралық даму жоспарлары, және даму жоспарларының барысына арналған Еуропалық құжаттардың әсер етуі туралы мәліметтер алды. Қатысушылар арасында Болгария Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Теміртай Ізбастин мырза да болды, ол София қаласының Кенттік және Аумақтық Департаментке өз алғысын білдірді және қатысушыларға Болгарияда алған тәжірибелерін Қазақстанда табысты қолдануларына тілек білдірді.
АРГО мен жергілікті өзін – өзі басқаруды реформалау Қорының тараптарынан жақсы ұйымдастырудың арқасында, Болгарияның ЖӨБ ерекшелігі мен өзгешелігін ұғыну оңай болды. Сауатты тілмаштың болғандығының да маңызы зор болды», – деп тағылымдамаға қатысушылардың бірі атап өтті.
Стратегиялық жоспарлау барысындағы аймақтық кеңестердің маңызы мен міндеттері, сондай-ақ, олардың аудандық даму кеңестерінің өзара әрекеттестігі туралы қазақстандықтарға аймақтық даму Министрлігінің өкілі Ирина Захариева ханым айтып берді. Велико Тарново муниципалитетінің қалабасы Ганчо Карабджаков мырза әлеуметтік қызмет жасау тәжірибесімен, жергілікті деңгейде күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу, үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік қызмет жасауды табыстау туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, топ мүмкіндіктері шектеулі адамдарды күндіз күту Орталығына барып, үкіметтік емес ұйымдарға қызмет көрсетуді табыстау қалай өтетіндігін өз көздерімен көре алды. «МИГ» үкіметтік емес ұйымның өкілдерімен кездесу кезінде, қатысушылар жергілікті даму жоспарына деген Еуропалық LEADER тәсілдемелірімен, жергілікті қауымдастықты қолдау бойынша жобаларды іске асыру, жобаларды қаржыландыру мәселелерімен танысты, сондай-ақ, ең үздік тәжірибелермен таныстырылды.
Болгарлық тәжірибе өте қызықты болып шықты. Мәселе мынада, 13 ауылды округ біздің ауданға өтті, олардың барлығы дерлік дотациялық. Біздің бюджет қалай 6 миллиард болса, сол күйінде қалды. Ауылдарға алты салықты қосқанымен, одан жоғарылаған жоқ. Енді осы 6 салық 6 проблеманы жоя алмайды. Сол себепті, менің министрлікке деген ұсыныстарымның бірі – 4 деңгейдегі бюджетті құрастыру. Қазірде ауылдар қаржыландырудың бір бөлігі республикалық бюджеттен болғанына зар. Қаражат құрылыс, қайта жөндеу, жолдарды күрделі жөндеу, су құбырлары, канализация, жарық өткізу үшін қажет. Егер де қаражат болса, адамдарда қызығушылық пайда болады, олар ауыл өміріне белсенді атсалысатын болады. Оның үстіне, Болгарияда осы жобалардың барлығын дерлдік ҮЕҰ іске асырады», – деп, ШҚО, Глубоковский ауданының әкімшілігіне қарасты экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Большакова атап өтті.
Тағлымдама кезінде оның құрамына ауылдар да кіретін үш муниципалитетте 11 кездесу өткілді. Мәселен, Троян муниципалитетінің қалабасы муниципалды қалабасыларының міндеттері мен маңыздылығы, жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңес, муниципалдық кеңестердің өзара қатынастары, қалабасы мен муниципалды әкімшілік, сонымен қатар, азаматтарды шешім қабылдау барысына тарту туралы айтып берді.
Орешак ауылының әкімі ауылды аймақтарда туризм және ЖӨБ дамыту тәжірибесімен бөлісті, ал оның Елена муниципалитетіндегі әріптесі 2014-2020 жылдар аралығындағы Муниципалитеттің Муниципалды Даму Жоспары туралы, жоспарды іске асыру бағдарламасы туралы және муниципалды даму бойынша муниципалды әкімшілік пен муниципалды кеңестің даму барысында және құжаттарды іс жүзіне асыру туралы айтып берді. Сонымен қатар, тағлымдамаға қатысушылар 2018 жылдың бюджетін қабылдаған Елена жергілікті қауымдастық муниципалитетінің жиналысына қатысты.
Тағлымдама аяқталған соң, оған қатысушылар Қазақстанда болгарлық тәжірибелерін қолдана отырып, өз білімдерін жергілікті жерлерде бөлісетін боламыз, сондай-ақ, ҚР ұлттық экономика министрлігіне өздерінің ұсыныстарын дайындаймыз деп уәде берді.
Атап өтетін жәй, тағлымдама ЕО қаржылай көмегімен, «Жергілікті дамудың инклюзивті жоспарлануы» атты АРГО-ның үш жылдық жобасы аясында өтті.