Астанада ҚР Республикалық І Қоғамдық кеңес Мәжілісі аясында «Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттестігі: Орта Азия мен Әзірбайжан елдеріндегі тәжірибелері мен келешегі» атты Халықаралық сабағаттық кездесу өз жұмысын бастады. Шара – Орта Азия мен Әзірбайжан елдеріндегі басты серіктестер мен «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» бірігіп іске асырып жүрген «Инновацияларға арналған серіктестік – P4I» USAID бағдарламасының жобалаларының бірі.
Дөңгелек үстел үлгісінде өткізілген кездесуде, мемлекеттік органдардың, Қоғамдық Кеңестердің, Орта Азия мен Әзірбайжан елдерінің жетекші БКҰ, және халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосты.
ОА-ның барлық елдері мен Әзірбайжан елі Қоғамдық кеңестері мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдары өкілдерінің, әртүрлі кәсіби және әлеуметтік топтардың талқылау, кеңесу және бірігіп шешім қабылдау үшін таптырмас тұғырнама екені құпия емес.
Қоғамдық кеңестердің іс жүзіндегі тәжірибесі мемлекеттік органдардың диалогқа, айқындыққа және есеп беру деңгейінің ашық екендігін сипаттайды. Қоғамдық бақылау мүмкіндігі азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады. Қоғамдық кеңестер азаматтарға өздерінің болжал және ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік береді, ал мемлекеттік органдарға, заңнама мен саясат азаматтар мүддесімен сәйкес келетіндігіне көз жеткізуге көмектеседі, – деп «Инновацияларға арналған серіктестік» бағдарламасының директоры Қайша Атаханова кездесу кезінде атап өтті.
Осыған орай, диалогты дамыту үшін және азаматтық қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік серіктестікті, сондай-ақ, БКҰ мен Қоғамдық Кеңестерінің маңызы мен болашағын нығайту үшін мемлекеттік қолдау механизмдерін дамыту үшін, білімдері, тәжірибелерімен бөлісу мақсатында, Орта Азия мен Әзірбайжанда ел аралық диалогтық тұғырнама құру қажеттілігі туындады.
Қазақстанда, бес институционалдық реформаны іске асыратын жүз нақты қадам – Ұлт жоспарында, азаматтар мен қоғамдық, бейкоммерциялық ұйымдар маңызды өзгерістерді – азаматтар мен үкімет органдарының арасындағы демократиялық қайта құру үшін әлеуметтік негіздің жасалуын күтуде екенін атап өтпекпіз. Соңғы екі жылда елімізде азаматтарды мемлекеттік саясатқа тарту, әлеуетті дамыту және қоғамдық бақылауды іске асыруда Қоғамдық Кеңестердің ролін арттыру, есеп беруші мемлекеттің қағидаларын жоғарылап, жергілікті тұрғындармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік инновацияларға, жаңа тәсілдер мен тиімді механизмдерге көп көңіл бөлінуде.
Әзірбайжанда азаматтардың мемлекеттік басқаруға байланысты мәселелерді реттеу аясында Қоғамдық Кеңестердің қызметі мен құру тәртібін регламенттейтін «Қоғамдық қатынастар туралы» (2013 қараша) Заң қолданылуда. Қоғамдық Кеңестер орталық, жергілікті атқарушы билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару жанынан құрылады. Қоғамдық кеңестер атқарушы билік органдарына әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша жұртшылықпен кеңес өткізу туралы, мемелкеттік саясатты тиісті салада қалыптастырып әрі іске асыру бойынша, және де, нормативтік-құқықтық актылар бойынша ұсыныстар жасайды.
Қырғызстанда 2014-ші жылдан бері қоғамдық қатынастардың негізгі механизмі ретінде «Мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестері туралы» (МОҚК) Заң жұмыс істейді. Бүгінгі таңда МОҚК қалыптасу барысы 14 мемлекеттік органдарда жүріп жатыр, МОҚК 22 органдарында толығымен қалыптасқан. МОҚК-тың қызметі ұлттық деңгейде үш жұмыс тобы кіретін Үйлестіру Кеңесі арқылы байланыстырылады. Қоғамдық кеңестердің жұмысын тиімді ету және оның маңызын арттыру үшін, Үкімет «Мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестері туралы Қырғыз Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар туралы» Заң жобасын, қоғамдық талқыға салуды ұсынып отыр. Заңға өзгеріс енгізу, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарларын жүзеге асыру сапасын бағалау және бақылауда қоғамдық кеңестердің өкілеттігін кеңейту, негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Тәжікстанда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестіктің негізгі диалогтық тұырнамасф болып, Тәжікстан Республикасының Президенті (ТР) басқаратын Қоғамдық Кеңес (ҚК) саналады. Қоғамдық кеңес құрамына ТР мемлекеттік органдарының өкілдері, сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдерінің 70%, шығармашылық одақтар, азшылық ұлттар қоғамы, саяси партиялар, діни ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар кіреді. ТР Қоғамдық Кеңесі 90-шы жылдардың соңында маңызды саяси мәселелерді шешу үшін, азаматтық соғысты тоқтату үшін, босқындарды отанына қайтару үшін, елдегі саяси жағдайды реттеу және ұлттық бірлікті қамтамасыз ету үшін құрылған.
Қазіргі уақытта ТР Қоғамдық Кеңесі және елдің барлық облыстарындағы хукуматтарға қарасты бөлімшелері, жергілікті деңгейде қоғамдық маңызды мәселелерді шешеді. ТР ұлттық деңгейдегі Қоғамдық Кеңесінің отырыстары Тәжікстан Республикасының Президенті, Үкімет мүшелері және Праламент депутаттарының қатысуларымен өтеді. Тәжікстан Республикасының Президенті Қоғамдық Кеңестің 20 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде (2017 ж.қаңтар), ҮЕҰ жаңа жетекшілерін, әсіресе, дарынды жастар мен әйелдер ұйымдарын тарту арқылы Қоғамдық кеңестерді күшейту керек деп атап өтті. Тәжікстандағы жаңа өмір кезеңіне сәйкес жетілдіріп, Кеңестің ережесін қайта қарау жоспарлануда.
Осыған байланысты, әлеуметтік серіктестік және Қоғамдық Кеңестер мен БКҰ мемелекеттік қолдау механизмдері, мемелекет пен азаматтық қоғам ұйымдарының диалогы белсенді түрде дамып, Орта Азиядағы бастамалар мен жұмыс тәсілдерінде қолданылатын, іс жүзіндегі тәжірибелік сабақтардан алынған, келісуге боларлық алдыңғы қатарлы инновациялық білімдермен алмасу қажеттілігі арта түседі. Тек зерттеп, жаңа білімдерімен, ең үлгілі деген тәжірибелілермен бөлісіп қана қоймай, оны өз елдерінде, өз қауымдастықтарында іске асырып, Қоғамдық Кеңес, сарапшылар және БКҰ үшін, ел аралық диалогтік тұғырнама маңызды болып отыр.
Міндеті: Орта Азия елдері мен Әзірбайжанда азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттестіктің келешегі бойынша ел аралық диалогтық тұғырнама құру.
Мақсаты:
- Орта Азия елдері мен Әзірбайдандағы ахуалды шолу: Қоғамдық Кеңестер мен АҚҰ қызметін дамытудағы мемлекеттік қолдау механизмдері;
- Талқылау және тәжірибе бөлісу: Орта Азия елдері мен Әзірбайжандағы АҚҰ қызметін мемлекеттік қолдау механизмдері, Қоғамдық Кеңестер мен азаматтық қатысуларға байланысты инновациялық тәсілдер, ең табысты тәжірибелер мен мәселелерді алға жылжыту үшін сабақ алу.
Күтілетін нәтижелер:
Халықаралық сабағаттық кездесуге қатысушылар, мемлекеттік органдар, Қоғамдық Кеңестер өкілдері, сарапшылар, және Орта Азия мен Әзірбайжанның жетекші БКҰ, азаматтық қоғамның дамуының басты ықпалы туралы толыққанды түсінік ала алады. Олар БКҰ мемлекеттік қолдау механизмдері туралы, Қоғамдық Кеңестердің келешегі мен маңыздылығын арттыру бойынша инновациялық тәсілдер мен ең табысты тәжірибелер алмасып, мемелекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша азаматтардың қатысуларына байланысты мәселелерді шешуде, өздерінің мүмкіндіктерін арттыра түсетін болады.