Веб-академия: білім алудың жаңа мүмкіндігі

веб-академия

Әдемі жер, таудың таза ауасы, қанықтырылған білім беру бағдарламасы. АРГО Веб-академиясы Жазғы мектебін іске қосты. Коммерциялық емес ұйымның 30-ға шақты өкілдері төрт күн бойы азаматтық қоғам ұйымдарының онлайн-курстарын үйрену үшін келді.

Бұл жолғы мектепке біз ұзақ уақыт дайындалдық. Осы жылдың мамыр айында Швеция сапары біздің жұмысымызға үлкен көмегін тигізген болатын. Уппсала университетінің ұстаздары онлайн-курстың жасалуының білім беру және тәрбиелеу қағидаларымен бөлісті.

«Швециядан келген IT-кеңесшіміз Даг Ланерфелдт (Dag Lanerfeldt) тұғырнама таңдауда көмегін беріп, алдағы уақытта білім беру бағдарламаларының сапасын қамсыздандыру және техникалық жабдықтауда өз көмегін береді» –  деді Веб-академияның үйлестірушісі Нелли Асматуллаева.

Үйлестірушінің сөзі бойынша бұл тұғырнаманы таңдаудың алдында, қашықтықтан басқарылатын жүйенің үшеуі сынаудан өтті.

«Соңында TalentLMS-та таңдауымызды тоқтатык. Себебі басқаларына қарағанда артықшылықтары басым. Біріншіден, оңай әрі интуитивтік интерфейс. Студенттерге интерфейс жұмысын түсіну оңай болады. Екіншіден, тұғырнама үлкен мүмкіндіктер береді. Мысалы видео баяндамаларды, әр түрлі сұрақтары бар мәтіндік тапсырмаларды орналастыруға, басқа веб парақшаға қосылу, синхрондық және асинхронды байланыс (асихронды байланыс -қатысушылар жүйеге әртүрлі уақытта кіргіп, форумда хабарламалармен бөлісуге болады, сихрондық – қатысушалардың жүйеге бір уақытта кіруі, вебинарлар). Үшіншіден, жоғары деңгейдегі қауіпсіздік және деректерді қорғау» – деп белгіледі Нелли Асматуллаева.

 

веб-академияЖазғы мектепке жаттықтырушы  ретінде тәжірибелі видеомонтаж режиссері, сауд-режиссер әрі дизайнер Евгений Бовсуновский шақырылған болатын. Евгений Бовсуновский қатысушыларға видео баяндамаларды жасау, редакциялау қағидаларының негіздерін меңгеруге көмектесті.

«Кәсіби немесе әуесқой видеоларды өңдеудің көптеген бағдарламалары бар. Курстың авторларына визуалды контентті жасау үшін көп уақыттың қажеті жоқ. Windows қосымшасы «Киностудия», видеоредакторлардың ішіндегі көбіне таныс Movie Maker. Сурет, саз, қысқа видеоларды ауыстыруға болады» – дейді Евгений Бовсуновский.

Жазғы мектептің оқушылары бірнеше сағаттың ішінде бейнебаянды жазып, сурет пен сазды өңдеп, толық бейнебаянды жасады. «Барлық тренинг өте қызықты, теориялық бөлімнен бөлек тәжірибелік бөлімі де ұнады. Бұл өз фильміңді жүзеге асыру. Біз бейнебаян түсіріп, сурет пен саз қосып әрледік. Мен ешқашан осындай іспен айналыспағандықтан, өте қызықты болды», – деп Қырғызстанның Жазғы мектебінің оқушысы Химия Суеркулова оз ойын айтты. Жазғы мектептің барлық оқушылары бұл іспен бірінші рет айналысып жатыр. Олардың айтуынша, қазіргі тәжірибе азаматтық қоғамның дамуына маңызды, себебі олар тәжірибелі оқытушылар, болашақта жаңа онлайн-курстарды жасайтын болады.  летняя школа

«Біз жаңа бағам ойлап жасадық. Бейнебаянмен жұмыс жасау тиімді болуы үшін, авторлар онлайн оқу мен жүйені түсіну үшін нұсқау жасалынды. Алынған білім болашақта өз қашықтық курстарын ашуда көмегін береді деп үміттенеміз», – деп өз ойларымен Нелли Асматуллаева бөлісті.

Орталық Азиядағы бейкоммерциялық жазғы мектептің онлайн-курстарына 26 адам өтті. Қатысушылар бірнеше тақырыптық топтарда жұмыс атқарды: адвокация, қоғамдық жұмыс, фандрейзинг, бейкоммерциялық менеджмент, жобаны меңгеру, ұйымдастырушылық даму, қоғамдастықтың мобилизациясы, бағдарлама мен жобалар жасау және т.б. Қазан айында пилоттық курсты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сапа тексеру комиссиясымен қабылданады. 5-6 адамнан түратын шағын топтарда оқыту өтетін болады.летняя школа

«Алдағы 2-3 айда біздің сарапшылардың көмегімен курстардың жүзеге асыруын әрі қарай жалғастырамыз. Комиссиядан өткен бағдарламалар Веб-академияның платформасында орналасады. Әрине, біз авторлармен қайта кездесіп, курсты одан әрі дамытып, өңдеу жасаймыз. Саралау жасап, оқушылардың тілектері мен бағалары ескерілетін болады», – деді Нелли Асматуллаева.

АРГО жарты жыл сайын осындай мектептер ұйымдастыруды жоспарлауда. Келесі ағым шамамен Қысқы мектеп аясында ұйымдастырылатын болады.

«Бұл өте пайдалы тәжірибе, жергілікті идеяларды жақын уақытта іске асыра беруге болады деп ойлаймын. Бұл таң қалдырарлық нәтиже әкелетіндігне мен сенімдімін. АРГО мұнымен шектеліп қоймай, Веб-академияның ілгері саптағы курстарын құру керектігі сөзсіз», – деп Әзірбайжаннан келген қатысушы Бабек Мамедов атап өтті.

летняя школа

«Өз мүмкіндігін көтеруге кез келген ұйымның шамасы келе бермейді. Біз онлайн-курстарын құрған соң, серіктестеріміз болып жүрген ҮЕҰ -да оларға қол жеткізу мүмкіндігі пайда болып, соның арқасында өз деңгейлерін көтере алары анық. Бұл керемет, және  де АРГО-ға осындай мүмкіндік үшін рахмет», – деп Тәжікстаннан келген Заро Курбанбекова келісті.

КЕҰ қызметкерлеріне арналған Орта Азиядағы алғашқы онлайн-курстар мектебін құру бойынша жұмыстар аяқталды. Ұйымдастырушылар жақсы пікірлерге қарық болса, қатысушылар жаңа білім байлығы әрі жаңа идеялармен тарқасты. Болашақ курстардың авторларының айтуларынша, Жазғы мектеп, олардың қашықтықтан білім алу дегенге жаңа көзқараспен қарауға үйреткен көрінеді. Айтқандай, қатысушылардың барлығы – тәжірибелі жаттықтырушылар, олардың басым бөлігінің онлайн-тәртібінде жұмыс істеу тәжірибесі жоқ.

Қашықтықан білім алудың бірнеше артықшылығы бар: тұрғылықты жер мен уақытқа тәуелді болмау, оқу айтарлықтай арзан және курстар үшін қашан да өзекті болып табылатын, әр кез кемелдену мүмкіндігі. Ұстаздар үшін ыңғайлы сабақ кестесі және оқу құралдарының жиынтығы. Орта Азия мен Әзірбайжанның ең түкпірінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері үшін, бұл өз саласынжа білім алуда қажетті жалғыз мүмкіндік болуы ықтимал.летняя школа

летняя школалетняя школа