Шығыс және орталық Қазақстанда жергілікті деңгейдегі мүдделі тараптардың белсенді қатысуы
Жобаны іске асырушы ұйымдар |
«АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы, «ЭКОЦЕНТР» Карағанды Облыстық Экологиялық Орталығы, Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қоры (Болгария) |
Ұзақтығы |
Ақпан 2017 – Қаңтар 2020 |
Бюджет |
Бюджеті: € 470,000
ЕО жарнасы: € 420 000 |
Жобаның серіктестері |
Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое және Шемонаиха аудандарының әкімдіктері |
Іске асырылу орны |
ШҚО: Глубокое және Белоусовка кенттері, Кожохово, Первомайский және Волчанский ауылдық округтері
Қарағанды облысы: Нұра кенті, Жараспай, Ізенді, Ақмешіт, К. Мыңбаев атындағы ауылдық округтері |
Түйінді сөздер |
Жергілікті өзін-өзі басқару, инклюзивті жоспарлау, ауылдық жоспарлау, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы |
Келісім-шарт нөмірі |
CSO-LA/2016/382-029 |
Жобаның нәтижелері:
- 60 адам инклюзивті жоспарлау бойынша оқытуға қатысты
- 300-ден астам мүдделі тараптармен біріге отырып, ауылды дамытудың 10 инклюзивті жоспары жасалды
- Ауылдарды дамытудың инклюзивті жоспарлары орта есеппен 40%-ға жүзеге асырылды
- Ауыл қоғамдастығының 50 өкілі кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуға қатысты
- 11 кәсіпкерге, оның ішінде әлеуметтік жағынан осал топтарға 12 000 000 теңге көлеміндегі қаржылық қолдау көрсетілді. Олардың ішінде: мүгедектер, жастар және көп балалы аналар.
- Қазіргі уақытта жобаның қолдауымен кәсіпкерлер ұсынатын қызметтерді шамамен 3000 адам (оның ішінде 400-ге жуық жалғыз басты аналар мен көп балалы отбасылар, 800 зейнеткер, 300 жұмыссыз, 150 мүгедек) пайдаланып отыр.
- Үкіметтің және үкіметтік емес ұйымдардың 8 өкілі Болгариядағы жергілікті өзін-өзі басқару бойынша тағылымдамадан өтті
- Қазақстанда пилоттық аумақтардан тыс жерлерде 8 ақпараттық шара өткізілді
Жоба мақсаты: |
Шығыс және Орталық Қазақстандағы мүдделі тараптардың жергілікті деңгейде жергілікті басқару және даму үрдістеріне белсенді қатысуына көмек көрсету. |
Методология: |
Жергілікті дамуға аумақтық көзқарас (ЖДАК) |
Байланыс ақпаратыАсқар Қалиев, Нұршат Ертаева |
Веб-сайттар мен әлеуметтік желілерВеб-сайттар Фэйсбук
|