АРГО «Шығыс және Орталық Қазақстанда жергілікті деңгейде мүдделі тараптардың белсенді қатысуы» жобасының негізгі міндеті – мүдделі тараптардың жергілікті деңгейде жергілікті басқару және даму үрдістеріне белсенді қатысуына көмек көрсету.

Жобаның нақты міндеттері:

  • Азаматтық қоғам ұйымдарын, жергілікті билік органдары мен басқа да мүдделі тараптарды Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы пилоттық жобаларды енгізу арқылы жергілікті деңгейде әлеуметтік-экономикалық дамуға көмек көрсетуге тарту;
  • Азаматтық қоғам ұйымдары мен жергілікті билік органдарын аумақтық көзқарасты әзірлеу және енгізу үшін (жергілікті дамуға аумақтық көзқарас – ЖДАК), әйелдер мен жастар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін тарту және қамтамасыз етумен, ашықтық пен есепшілік күшейтуге көмек көрсету.

Жоба Қарағанды облысының Нұра ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха және Глубокое аудандарында үш жыл бойы жүзеге асырылатын болады.

Жоба серіктестері болып мыналар табылады:

  1. Қарағанды облысы Нұра ауданының жергілікті әкімшілігі;
  2. Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы;
  3. Карағандылық өңірлік экологиялық орталығы – ЭКОЦЕНТР, сондай-ақ жергілікті билік органдары атынан үш серіктес (ШҚО Шемонаиха және Глубоковский аудандарының әкімдіктері, Қарағанды облысының мәслихаты);
  4. Жергілікті өзін-өзі басқаруды қайта реформалау қоры (София, Болгария).

Жобаның күтілетін нәтижесі: Жоба соңына қарай он ауыл мен ауылдық округтер үшін әзірленетін кешенді даму жоспарлары кем дегенде 20%-ға жүзеге асырылып, осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін жетілдіре отырып, мүдделі тараптардың белсенділігі арттырылады және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсартылады.