Орта Азиядағы «Өңірлік ынтымақтастық арқылы даму» жобасы (DRC) Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы, Тәжікстан Республикасының Хатлон облысы, Түркменстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасын қамтыды.
«Өңірлік ынтымақтастық арқылы даму» жобасын жүзеге асыру бойынша негізгі серіктестер болып Орта Азиядағы Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығы (ICNL), Тәжікстандағы «Фидокор» ХҚҰ және Қазақстандағы «Бастаманы қолдау» ҚБ табылады.
Бағдарлама мақсаттары:
DRC мақсаты – Орта Азияда азаматтық қоғамды институционалдық әлеуетті арттыру, тиімді диалог, желілік өзара әрекеттесу және өңірлік ынтымақтастықты дамыту арқылы нығайту.
Міндеттері:
- Орта Азия елдерінде азаматтық қоғам өкілдері арасындағы диалог пен үйлестіру қызметіне көмек көрсету үшін институционалдық әлеуетті нығайту;
- Тартылған тараптарды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша өңірлік деңгейде нетворкинг және салыстырма талдау қажеттілігін ілгері жылжыту (экология, гендерлік теңдік, адам саудасына қарсы күрес, экономикалық даму);
- Өңірдегі азаматтық қоғам үшін виртуалдық алаңды құру – платформа мүдделі тараптардың жұмысында қажет болатын ақпарат және құралдармен бөлісуге мүмкіндік беретін ақпараттық портал мен сервистер жиынтығынан тұратын болады.
DRC бағдарламасы азаматтық қоғамның Орта Азия елдерінде шешімдер қабылдау үрдісіне ықпал ету мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік берді.
USAID қаржылық қолдауымен жүзеге асырылған «Өңірлік ынтымақтастық арқылы даму» (DRC) бағдарламасының арқасында, АРГО Орта Азиядағы азаматтық қоғамға АҚҰ өздерінің мемлекеттік органдарымен ұлттық және өңірлік деңгейде саясатты қалыптастырудың барлық аспектілері бойынша өзара әрекеттесуге және тиімді диалог орнату қабілеттіктерін арттыру арқылы қолдау көрсету және дамытумен айналысты.
Орта Азияның азаматтық қоғамын нығайту бойынша жұмыс істей отырып, АРГО Қазақстандағы Сыртқы істер министрлігімен (СІМ) ынтымақтастық орнатты. Алғашқы кездесулер алтыншы Қазақстан Азаматтық форумы кезінде өтті, нәтижесінде АРГО СІМ-ін «Өңірлік ынтымақтастық арқылы даму» бағдарламасының жанындағы Өңірлік ынтмақтастық жөніндегі Кеңеске қатысуға шақырды. Бұдан кейін СІМ АРГО ұйымын СІМ жанындағы Үйлестіру жөніндегі Қоғамдық кеңеске қатысуға шақырды.