- ҮЕҰ, әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдар, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар үшін бизнесті дамыту және әлеуетті арттыру бойынша тренингтер мен консультациялар. АРГО 20-дан аса оқытатын модульдер әзірледі.
- Жергілікті, ұлттық және өңірлік деңгейде бағалау және зерттеулер жүргізу. Азаматтық қоғамның дамуындағы кездесетін қиындықтар туралы деректерді жинау және қалыптастыру, оларға сандық және сапалық талдау жасау.
- Жобаларды басқару, клиенттердің жобаларын табысты түрде жүзеге асыру үшін мониторинг және бағалау жүргізу. Жобалар мен бағдарламаларға мониторинг жүргізу; ықпал етуді өлшеу бойынша нақты ақпарат ұсыну үшін объективтік көзқарасты пайдалану.
- Гранттарды әкімшіліктендіру, клиент-ұйымның талаптарына және бағдарлама мақсаттарына сәйкес үшінші тұлғалармен жүзеге асырылатын жобалар үшін қаржылық ресурстарды басқару.
- Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілікті қолдау, қаржылық тұрақтылықты дамыту саласында ұйымдарға қолдау көрсету.
- Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту, оларды саяси диалогқа қатысуға тарту, әлеуметтік серіктестіктегі және шешімдер қабылдау үрдістеріндегі инновациялық әдістерді ынталандыру, қызметтерді жетілдіру, өмір сүру сапасын жақсарту.