Қазіргі таңда АРГО мүшелері Қазақстанның түрлі аймақтарында (Семей, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Астана, Алматы) орналасқан 7 үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Қауымдастық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі агенттік (SMEDA), Ақтөбе қ.
Міндеті: Азаматтық бастамалар мен коммерциялық емес секторды ұйымдастырушылық түрғыдан дамыту үшін қажет жағдайларды қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамның дамуынақолдау көрсету.
Мекенжайы: Қазақстан, 0300000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар к-сі, 289, 1 кеңсе
Тел.: + 7 7132 52 31 26 Факс: +7 7132 52 31 32
E-mail: smeda@aktobe.kz
Web-site: smeda.info
«Экоцентр» Қарағанды облыстық орталығы қоғамдық бірлестігі, Қарағанды қ.
«ЭКОЦЕНТР» ҚБ – Қазақстандағы алғашқы қоғамдық ұйымдардың бірі болып табылады. 1992 жылы негізі қаланған. «ЭКОЦЕНТР» ҚБ қызметі қоғамдық назарды әлеуметтік және экологиялық проблемаларға аударуға, Қазақстандағы азаматтық қоғамның тұрақты дамуы мен нығаюына ықпалдасуға бағытталған. «ЭКОЦЕНТР» ҚБ-нің ҮЕҰ-ны ұйымдастырушылық және институционалдық даму салаларында кәсіби дайындауда, шешімдерді қабылдауға қоғамдық қатысу механизмдерін жасауда, азаматтық бастамаларды қолдауда, экологиялық білім беруде, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу бойынша мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастық орнатуға бағытталған жергілікті және республикалық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар.
Мекенжайы: Қазақстан, 100012, Қарағанды қ., Жамбыл к-сі, 49, 2 кеңсе,
Тел./факс +7 (7212) 56-29-22
E-mail: ecocenter2010rk@gmail.com
Web-site: www.ecocenter.kz
Facebook: http://www.facebook.com/Ecocenter
«Береке» Қоғамдық Бірлестігі, Шымкент қ.
Міндеті: Тұрғындарды шешім қабылдау үрдісіне қатыстыру жолымен ауыл қауымдастықтарын дамыту арқылы азаматтық қоғамның нығаюына ықпал ету.
«Береке» қоғамдық бірлестігі Оңтүстік Қазақстан облысында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Ұйымның қызметі ауыл қауымдастықтарын дамытуға, атап айтқанда, азаматтық қоғамды аудандық ҮЕҰ институционалдық және ұйымдастырушылық дамыту, гендерлік теңдік саясатын ілгері жылжыту, әйелдер, балалар мен тұрғындардың басқа да әлсіз топтарының құқықтарын нығайту, ағартушылық жұмыс жүргізу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, мемлекеттік органдар, БАҚ және бизнес-құрылымдармен әріптестік орнату арқылы дамытуға бағытталған.
Мекенжайы: Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Тыныбаев к-сі, 29/8
Тел.: +7 7252 53 59 96
E-mail: berekengo@gmail.com
Web-site: bereke-ngo.kz
«Ирис» ядролық сынақтардан зардап шеккендер одағы» өңірлік қоғамдық бірлестігі, Семей қ.
Міндеті: сараптамалар, консультациялар, тренингтер өткізу және техникалық көмек көрсетіп, азаматтық бастамашыл секторды дамуты және біріктіру арқылы жергілікті қауымдастықтарды, ҮЕҰ-ны және бастамашыл топтарды шешім қабылдау үрдісіне қатыстыруға ықпалдасу.
Мекенжайы: Қазақстан, 071400, Семей, Ленин к-сі 26, 14 пәтер,
Тел.: +7 7222 52 40 62, 52 25 91
Факс: +7 7222 52 36 28
E-mail: rciris@semsk.kz
«Әлеуметтік Технологиялар мен Даму агенттігі» Қоғамдық Бірлестігі (ӘТДА), Астана
Міндеті: Астана қаласы және Ақмола облысының коммерциялық емес ұйымдар мен қауымдастықтарының әлеуметтік серіктестігін нығайту және қолдау арқылы азаматтық қоғамның дамуына жәрдем беру
Мекенжайы: Kazakhstan, 010000, Астана, Әл-Фараби шағын ауданы, Рысқұлбеков к-сі, 8/2, 40 пәтер
Тел.: +7 7172 29 95 30
E-mail: astra_@mail.ru