USAID — АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (ХДА АҚШ) (United States Agency for International Development) — шетеледе көмек көрсету саласындағы Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік басқару орталық органы.

Агенттік жұмысының негізгі бағыттары сауда, ауыл шаруашылығы, экономикалық өсу, денсаулық сақтау, шұғыл гуманитарлық көмек, қақтығыстардың алды алу және әлемнің ең кедей елдеріндегі демократияға қолдау көрсетуді қамтиды.

USAID ұйымының Қазақстан Республикасымен серіктестік қатынастары 1992 жылы басталды. USAID агенттігі Қазақстанға капитал нарықтарын құру үшін қажетті заңдарды, нормативтік құжаттар мен материалдық-техникалық қорды әзірлеу және қолдануға енгізуде қолдау көрсетті. USAID бағалы қағаздар мен биржалық операциялар бойынша тәуелсіз Комиссияның құрылуын қолдады, Қазақстандағы алғашқы жекеменшік биржаны ашуға және дамып келе жатқан бағалы қағаздар нарығына қадағалау жүргізуге көмек көрсетті.

Бүгінгі таңда Қазақстан – орташа табыс деңгейі бар ел және өңірлік кқшбасшы ролін атқара бастады. 2006 жылдан бастап USAID экономикалық реформалар бағдарламалары Қазақстан Республикасы үкіметімен бірлесе отырып, қаржыландырылады.  Негізгі күш шағын және орта бизнес кәіпорындарына, экономикалық реформалар мен өңірлік саудға бағытталған. Бағдарламалар сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының шектелген белсенділігі және азаматтардың елді басқаруға белсенді қатыспауы, сондай-ақ қызметтері қымбат түратын және тиімсіз денсаулық сақтау жүйесі сияқты проблемаларды шешуге бағытталған.  USAID агенттігі үкіметпен демократиялық саяси реформалар мен туберкулез және АИТВ аурулары кезінде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірлесіп қызмет етеді.

USAID – Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығының негізгі және ұзақ жылдар бойы бірге қызмет еткен серіктестерінің бірі. USAID қолдауымен «Өңірлік ынтымақтастық арқылы даму» (DRC) және «Инновациялар үшін серіктестік – Р41» Бағдарламасы сияқты ауқымды өңірлік бағдарламаларды жүзеге асырады.

 

 

 

Еуропалық Одақ (ЕО) – 60 жылдан астам кеңейту үдерісінің барысында тұрақтылық, демократия мен тұрақты даму аймағын құрған 28 мүше мемлекеттен тұратын саяси әрі экономикалық одақ.

ЕО мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы орнатылды. Қазіргі таңда ЕО Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторлары мен сауда серіктестерінің бірі болып табылады. ЕО мен Қазақстанның қарым-қатынастары саясаттың 29 басты салаларын қамтитын Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге негізделген, олардың ішінде экономика және қаржы салаларындағы ынтымақтастық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруі, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік мәселелер, мәдениет, білім беру мен ғылыми зерттеулер салалары.

1991 – 2014 жж. аралығында ЕО жалпы құны 180 млн. еуро құрайтын 350-ден астам жобаны қаржыландырды. Бұл жобалар (а) орталық және жергілікті билік органдарының әлеуетін нығайтуға, (ә) әділсот жүйесіндегі реформаларды қолдауға, (б) әлеуметтік және экономикалық реформаларды енгізу бойынша мемлекеттік сектордың әлеуетін жетілдіруге бағытталған. 2007-2013 жж. аралығында ЕО Даму мақсатындағы ынтымақтастық құралының (DCI) аясында бөлінген 74 млн. еуро көлеміндегі екіжақты жобалар жүзеге асырылды.

Қазақстан табыс деңгейі орташадан жоғары елдер санатына енсе де, ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттеріне арналған аймақтық көп жылдық индикативті бағдарламасы аясында аймақтық ынтымақтастықтың тиімділіктеріне қол жеткізе алады. Ол екі саланы қамтиды: тұрақты даму (энергетика, қоршаған орта, су ресурстары және әлеуметтік-экономикалық даму) және аймақтық қауіпсіздік (шекараларды басқару, есірткі заттардың заңсыз айналымымен және қылмыспен күрес, заң үстемдігі мен сот реформалары). 2014 – 2020 жж. қаржыландыру мерзіміне ЕО Орталық Азия мемлекеттеріндегі аймақтық ынтымақтастық жобаларды іске асыру үшін 360 млн. еуро қаражат бөлді (соның ішінде 115 млн. еуро Erasmus+ бағдарламасына тиесілі).

Сонымен қатар, ЕО Демократия және адам құқықтары саласындағы еуропалық құралы (EIDHR) мен Мемлекеттік емес субъектілер және жергілікті билік органдары (NSA-LA) сияқты тақырыптық бағдарламалары арқылы Қазақстандағы плюралистік саяси жүйені насихаттау әрі азаматтық қоғамның рөлін нығайту мақсатында әртүрлі жобаларды қаржыландырады.

 

 

 

 

ҚМЭБИ университеті – меншік коммерциялық емес ЖОО, өз қызметін жоғары білім беру саласында Солтүстік-Америка кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес атқарады. Сабақтар негізінен ағылшын тілінде өткізіледі. ҚМЭБИ – еліміздің ең ескі бизнес ЖОО бірі, Қазақстандағы бизнестік білім беру флагманы.

ҚМЭБИ мен АРГО көп жылдық жемісті ынтымақтастығы көптеген бағытта дамып келеді. Мысалы, ҚМЭБИ – «Даму тарихы: ішкі көзқарас» атты жыл сайынғы VII Халықаралық конференциясын өткізу бойынша АРГО тұрақты серіктесі. Бұл бірегей конференция –талқылау және «үшінші сектор» саласындағы жұмыс үшін өткізіліп отырған өңірдің аса ірі форумы; соңғы 8 жыл бйоы ол көптенен ҮЕҰ көшбасшылары мен азаматтық қоғам ұйымдарын, билік, бизнес, ғылым мен БАҚ өкілдерін жинап отыр.