«Мүмкіндіктерді күшейту» жобасы («EMPOWERMENT NOW!») 2012-2014 жж. жүзеге асырылды.

Бұл жобаны «АРГО» Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығы» «Намыс» ҚБ, «Шырақ» ҚБ және «АСРИВ» ҚБ үш серіктес ұйымдармен бірлесе отырып, USAID қаржылық қолдауымен жүзеге асырды. АРГО үкіметпен диалог орнату бойынша бастамалары мен эдвокаси қызметі халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсету жөніндегі заңнаманы әзірлеуге ықпал етеді. «Мүмкіндіктерді күшейту!» бағдарламасы Қазақстандағы мүмкіндіктері шектеулі адамдар өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға бағытталған. АРГО жұмысының нәтижесінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызметтер көрсететін ұйымдардың жергілікті және ұлттық деңгейіндегі ұйымдастырушылық және эдвокаси әлеуеті артты. Мүгедектікпен байланысты мәселелер бойынша ұлттық зерттеу жүргізілді.

Мақсаттары:

  • Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың қоғамның хабарландырылуын арттыру бойынша білімдік кампаниялар жүргізу арқылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту;
  • Жергілікті мүгедектер ұйымдары желісінің ұйымдастырушылық әлеуеті мен даму әлеуетін жақсарту, олардың мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызметтер ұсынудағы тиімділігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі әйелдер мен балалардың құқықтары мен гендерлік теңдік құқығына қолдау көрсету.

Жобаның қазақстандықтардың мүгедектігі бар адамдардың өмірі туралы хабарландырылуын арттыру бойынша ақпараттық-білімдік кампаниясы 3,7 миллион адамды қамтыды. Жергілікті және орталық билік органдарымен әріптестікті дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. «Мүмкіндіктерді күшейту!» бағдарламасының негізгі нәтижесі болып АРГО Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірігіп өткізген Дөңгелек үстелдің шеңберінде Қазақстанда мүгедектер құқықтары туралы Халықаралық конвенцияны қабылдау үшін нақты қадамдар қабылданатындығы айтылды. Қазақстан Республикасында бұл ратификациялауды 6 жыл күтті. АРГО Тәжікстан Әділет министрлігінің алғашқы конференцияны өткізуіне бастамашыл болды және оған қолдау көрсетті, бұл жерде Тәжікстанның азаматтық қоғамының үкіметпен диалогы өткізілді. Тәжікстан Әділет министрлігінің өкілі АРГО делегациясының құрамында алтыншы Қазақстан Азаматтық форумына қатысты.

Бұл тәжірибе оны өз елінде осындай форум өткізуге шабыттандырды. Көп ұзамай Душабе қаласында АРГО қолдауымен Тәжікстан Әділет министрлігі ұйымдастырған «Тұрақты ҮЕҰ Тәжікстан Республикасының азаматтық қоғамын дамыту факторы ретінде» атты конференция өтті. Конференция нәтижесі болып қоғамдық ұйымдардан түскен 20 ұсыныс болды, олардың екеуі қабылданды:

1) АҚҰ есептілігінің бірыңғай нысанын енгізу;
2) Жергілікті органдардың АҚҰ-мен міндетті кездесулері және ел үкіметінің АҚҰ-мен жыл сайынкездесуін өткізу.