«АРГО» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы Орта Азия мен Әзірбайжан азаматтық қоғамын нығайтуға бағытталған «Инновациялар үшін серіктестік – Р4I» бағдарламасын ел ішіндегі, сондай-ақ елдер арасындағы азаматтық қоғам ұйымдары арасында тұрақты және инклюзивті желілік өзара әрекеттесуді қолдау және дамыту арқылы жүзеге асырады.

«Инновациялар үшін серіктестік – Р4I» бағдарламасы мемлекет пен қоғамдық сектор инновациялық әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешу үшін бірлесе жұмыс істейтін, құзыретті азаматтық қоғамды құруға салмақты үлес болуы тиіс.

«Инновациялар үшін серіктестік – Р4I» бағдарламасының қатысушы елдерінің өңірлік ынтымақтастығы, бірінші кезекте, келесідей маңызды тақырыптарды қамтиды: мүгедектігі бар адамдардың құқықтары, экология, әлеуметтік қызметтер, жастардың қоғамдық өмірге қатысуы, гендерлік теңдік сияқты.

Бағдарлама аясында түрлі қызмет салаларынан коммерциялық емес ұйымдарды біріктіретін және белсенді оқыту мен олардың әлеуетін арттыруға көмектесетін онлайн және оффлайн платформалар құрылатын болады. Осылайша, «Инновациялар үшін серіктестік – Р41» бағдарламасы Орта Азия және Әзірбайжан елдерінің азаматтық қоғам ұйымдары арасында олардың тұрақтылығы, тиімділігі мен өзгеріп тұратын жағдайларға бейімделу қабілеттілігіне бағытталған байланыстар орнату, тәжірибе және ақпаратпен алмасуға көмектесетін болады.

 

«Инновациялар үшін серіктестік – Р41» бағдарламасы келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

1 міндет. Орта Азия және Әзірбайжан елдерінің жетекші азаматтық қоғам ұйымдары арасында тәжірибемен алмасуды жақсарту, кәсібилікті және желілік өзара әрекет ету деңгейін нығайту.

Осы міндет аясында жоғары сападағы тұрақты жобалар жүзеге асырылады; мемлекеттік және аймақтық ынтымақтастық және әріптестік желілерін кеңейту арқылы қаражаттар тартылады; коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) мемлекеттік органдар, жекеменшік сектор және халықаралық ұйымдармен қатынастарына қолдау көрсетіледі.

2 міндет. Азаматтық қоғамның жаңа және өзгеріп тұратын жағдайларға бейімделу қабілетін нығайту.
Бұл міндет шеңберінде КЕҰ өкілдерінің әлеуетін жеке тұрғыдан арттырудың инновациялық жүйесі әзірленеді, тестілеуден өтеді және жүзеге асырылады.

БұлТМД елдерінің арасындағы алғашқы азаматтық қоғам ұйымдары үшін орыс және қатысушы елдердің басқа тілдерінде қолжетімді Вэб-Академия.

 

«Инновациялар үшін серіктестік – Р41» бағдарламасы тұрақтылыққа жетуге бағытталған. Оның қорытындылары бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізіледі:

  1. Кем дегенде, азаматтық қоғамның 20 өңірлік желісі аймақтық маңызы бар жобаларды шағын гранттар бағдарламалары мен әлеуетін күшейту арқылы өткізіп , бағдарлама қатысушыларының ОА және Әзірбайжан елдері үшін өзекті мәселелер туралы хабарландырылуын арттырады.
  2. Азаматтық қоғам ұйымдарына арналған, КЕҰ менеджменті саласында, 40-тан аса оқыту модулі бар білім берудің төрт деңгейін ұсынатын, өздігінен қаржыланырылатын, тұрақты, көп тілді Веб-Академияның арқасында азаматтық қоғамның мүдделі өкілдерінің әлеуеті нығайтылады.
  3. Қатысушы елдердің азаматтық қоғам ұйымдарының білімдер деңгейі арттырылып, кәсіпқойлығы және өзара әрекеттесу деңгейі келесі жолдармен нығайтылады:

а) 10 өңірлік конференция және басқа да шаралар өткізіліп, оларға 800-ге жуық қатысушылар қатыстырылады.

б) Әзірбайжанды қамтитын және 250 000 келушілер көрсеткішіне жететін «Интерактивті қауымдастық» онлайн-коммуникациялық платформаны жаңарту.

  1. Өңірлік қызмет пен азаматтық қоғам туралы жаңа білімдерді тарату азаматтық қоғамның жастардың қоғамдық қатысу мәселелері бойынша әлеуетін арттырады.
  2. Өңірлік зерттеулер азаматтық қоғам ұйымдары және мемлекет арасындағы диалог пен ынтымақтастық деңгейін жақсартады; КЕҰ өкілдері Қазақстанның Азаматтық форумына қатысу мүмкіндігіне ие болады; «Инновациялар үшін серіктестік – Р4I» бағдарламасының өңірлік ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің қызметі жалғасады.

 

«Инновациялар үшін серіктестік – Р41» бағдарламасы Орта Азия және Әзірбайжанның мемлекеттік органдарымен, парламент, оқу орындары, азаматтық қоғам ұйымдарымен, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың ұқсас бағдарламаларын орындайтын халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық орнату үшін ашық.