USAID — АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттіні (ХДА АҚШ) (United States Agency for International Development) — шетеледе көмек көрсету саласындағы Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік басқару орталық органы.

Агенттік жұмысының негізгі бағыттары сауда, ауыл шаруашылығы, экономикалық өсу, денсаулық сақтау, шұғыл гуманитарлық көмек, қақтығыстардың алды алу және әлемнің ең кедей елдеріндегі демократияға қолдау көрсетуді қамтиды.

USAID ұйымының Қазақстан Республикасымен серіктестік қатынастары 1992 жылы басталды. USAID агенттігі Қазақстанға капитал нарықтарын құру үшін қажетті заңдарды, нормативтік құжаттар мен материалдық-техникалық қорды әзірлеу және қолдануға енгізуде қолдау көрсетті. USAID бағалы қағаздар мен биржалық операциялар бойынша тәуелсіз Комиссияның құрылуын қолдады, Қазақстандағы алғашқы жекеменшік биржаны ашуға және дамып келе жатқан бағалы қағаздар нарығына қадағалау жүргізуге көмек көрсетті.

Бүгінгі таңда Қазақстан – орташа табыс деңгейі бар ел және өңірлік кқшбасшы ролін атқара бастады. 2006 жылдан бастап USAID экономикалық реформалар бағдарламалары Қазақстан Республикасы үкіметімен бірлесе отырып, қаржыландырылады.  Негізгі күш шағын және орта бизнес кәіпорындарына, экономикалық реформалар мен өңірлік саудға бағытталған. Бағдарламалар сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының шектелген белсенділігі және азаматтардың елді басқаруға белсенді қатыспауы, сондай-ақ қызметтері қымбат түратын және тиімсіз денсаулық сақтау жүйесі сияқты проблемаларды шешуге бағытталған.  USAID агенттігі үкіметпен демократиялық саяси реформалар мен туберкулез және АИТВ аурулары кезінде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірлесіп қызмет етеді.

USAID – Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығының негізгі және ұзақ жылдар бойы бірге қызмет еткен серіктестерінің бірі. USAID қолдауымен «Өңірлік ынтымақтастық арқылы даму» (DRC) және «Инновациялар үшін серіктестік – Р41» Бағдарламасы сияқты ауқымды өңірлік бағдарламаларды жүзеге асырады.

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ өкілдігі 1994 жылы ашылды. Алматы қаласындағы кеңсе Орталық Азиядағы ЕО алғашқы өкілдігі болды. 2007 жылы ЕО Қазақстандағы Өкілдігінің штаб-пәтері еліміздің жаңа астанасы – Астана қаласына көшірілді. Алматы қаласындағы кеңсе 200 жылдың 1 қарашасында жабылды, және барлық тиісті қызметкерлер лауазымдары Астанаға көшірілді.
Өкілдік ролі келесідей:

  • Қазақстанда ЕО мүдделеріне өкілдік ету;
  • ЕО елдерінің өкілдіктерімен өазара әрекеттерді үйлестіруді жүзеге асыру;
  • саяси ынтымақтастық, экономика, сауда және сыртқы көмек, әсіресе ЕО-Қазақстан кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру шеңберінде қатынастарды дамыту;
  • барлық секторларда, атап айтқанда «ЕО және Орталық Азия» стратегиялық құжат шеңберінде  ЕО саясатын дамыту: жаңа серіктестік стратегиясы;
  • ЕО құндылықтары мен мүдделерін ілгері жылжыту және қорғау;
  • қоғамның ЕО туралы ақпараттануын қолдау және ұлғайту.

АРГО Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен бірлесе отырып «Мүдделі тараптардың Шығыс және Орталық Қазақстандағы жергілікті деңгейде белсендірек қатысуы» бағдарламасын өткізеді.

 

ҚМЭБИ университеті – меншік коммерциялық емес ЖОО, өз қызметін жоғары білім беру саласында Солтүстік-Америка кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес атқарады. Сабақтар негізінен ағылшын тілінде өткізіледі. ҚМЭБИ – еліміздің ең ескі бизнес ЖОО бірі, Қазақстандағы бизнестік білім беру флагманы.

ҚМЭБИ мен АРГО көп жылдық жемісті ынтымақтастығы көптеген бағытта дамып келеді. Мысалы, ҚМЭБИ – «Даму тарихы: ішкі көзқарас» атты жыл сайынғы VII Халықаралық конференциясын өткізу бойынша АРГО тұрақты серіктесі. Бұл бірегей конференция –талқылау және «үшінші сектор» саласындағы жұмыс үшін өткізіліп отырған өңірдің аса ірі форумы; соңғы 8 жыл бйоы ол көптенен ҮЕҰ көшбасшылары мен азаматтық қоғам ұйымдарын, билік, бизнес, ғылым мен БАҚ өкілдерін жинап отыр.