VIII Халықаралық конференция «Даму тарихы: ішкі көзқарас»

Алматы, Қазақстан, 28-29 маусым, 2017

Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы (АҚДҚ) «Инновациялар үшін серіктестік – Р41» жобасының аясында Қазақстан, Алматы қаласында 2017 жылдың 28 және 29 маусым күндері «Даму тарихы: ішкі көзқарас» атты VII Халықаралық конференциясын өткізді. Конференция КИМЭП Университетімен серіктестікте өткізілді.

Биылғы жылы «Даму тарихы: ішкі көзқарас» VII Халықаралық конференциясына 250 аса КЕҰ, бастамашыл топтар, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам ұйымдарымен жұмыс істейтін компаниялар, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми қауымдастық өкілдері мен донорлар қатысты. Биылғы жылғы конференция әлеуметтік саладағы инновацияларға арналады

Конференцияның бірінші күнінің бағдарламасына пленарлық отырыстар, панельдік талқылаулар мен side-events кіреді. Бұл шаралар әлеуметтік инновациялардың көптеген мәселелерін қарау үшін сұхбаттасу алаңдарына айналды.

Конференцияның екінші күні инновациялар, әлеуметтік серіктестік, жобалар мен бағдарламаларды бағалау, мақсаттық топтармен жұмыс істеу үшін әлеуметтік технологиялар тақырыптары қаралды.
Конференция шеңберінде «КЕҰ туралы жаңаша ой қозғау» (CSO NewVisionAward) конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді. 6 елден 9 жеңімпаз жарияланды.

Конференция материалдары бойынша «Даму тарихы: ішкі көзқарас» электрондық кітабын басып шығару және тарату жоспарланып отыр. Кітап КЕҰ және сарапшылар үшін бұқараға әлеуметтік инновациялар, серіктестік пен аймақтық ынтымақтастыққа деген өз тәжірибесі мен көзқарастарын ұсыну мүмкіндігін береді.