Web-академияның Жазғы мектебі

веб-академия АРГО

Қонақжай Алматы тағы да қонақтарды қарсы алуға әзір. Бұл жолы – білім беру мақсатында. Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан мен Қазақстаннан келген коммерциялық емес ұйым өкілдерінің арасынан 32 қатысушы азаматтық қоғам ұйымдары үшін онлайн-курстарды дайындауды үйрену үшін келді.

«Біз өзіміздің жұмысымызға тәжірибелі жаттықтырушыларды тартуды әуел бастан мақсат тұттық. Қатысушылар алдыңғы қатарлы онлайн-курстардың құрастырушысының бірі,  Уппсала Гейра Гуннлаугссона университетінің оқытушысынан үздік әлемдік тәжірибелер жайында білетін болады. «Курстардың тақырыбы да кездейсоқ алынған жоқ, ол біздің тыңдаушылар, коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлерінің айналысатын істері» – деді Жазғы мектептің ашылуында «Ииновацияға арналған серіктестік» бағдарламасының директоры Қайша Атаханова.

Жазғы мектеп модераторларының бірі, сарапшы және жаттықтырушы татьяна Седова түрлі елден келген қатысушыларға  бір-бірімен танысып, тез арада тіл табысып кетуге көмектесті. Ол үшін ол аранйы «кельт доңғалағы» ойынын ойлап тапты. Бұл ойын адамдарды әлемнің төрт бұрышына, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Оңтүстік адамдары деп бөлуге негізделеді. Солтүстіктің адамдары іс-әрекеттерімен ерекшеленеді: олар кей кезде қаражатқа қарамай-ақ, бірден іске кірісіп кетеді. Батыстың адамдары тәртіп және аналитикалық ойлау қабілеттерімен ерекшеленеді. Шығыстың адамдары – шығармашыл адамдар: олардың идеялары көп болғанымен, жүзеге аса бермейді. Оңтүстіктің адамдары үшін жетістікке қол жеткізу емес, атмосфера, адамдардың арасындағы қарым-қатынас аса маңызды. Ежелгі кельттердің аңыздары бойынша белгілі бір үйлесімділікке қол жеткізу үшін әр топта, сонымен қатар әр адамның бойында осы әлемнің төрт бұрышы болуы қажет. Кель доңғалағының негізгі мәні де осында жатыр. Осы ойын арқылы Жазғы мектепке қатысушылар өздеріне жаны жақын адамдарды бірден тауып алуға септігін тигізді.

веб-академиявеб-академияШвециядағы Уппсаль университетінің академиялық оқыту департаментіндегі білім беру ресурстарының құрастырушысы Гейр Гуннлаугссон studytour-да үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі таңда ол кеңесші, курстардың үйлестірушісі және оқытушыларды дайындау бойынша халықаралық жатықтырушы болып жұмыс істейді. Ол негізінен білім беру бағдарламаларын дайындаудың қағидалары, сабақ беру мен оқытуды жетілдіру үшін ІТ-ді пайдалану, оқу материалдарын берудегі түрлі әдістер бойынша маманданады.

«Қашықтықтан білім беру дәстүрлі академиялық білім беру сапасынан төмен деп ойлаудың қажеті жоқ. Бұл жерде де жоғары талаптар қойылады. Ең бастысы, сіздің материалыңыз қолжетімді болып, интерактивті орта қалыптастыру қажет. Сіздер өздеріңіздің тыңдармандарыңызды қызықтырып, араластырып отыруларыңызы қажет. Ол үшін олардың сұраныстарын біліп, оларды ынталандырып отыру қажет», – дейді Гейр Гуннлаугссон.

веб-академияКез келген курсты дайныдамас бұрын, автор өз-өзіне мынадай сұрақ қоюы қажет: «Бұл курсты кім үшін және қандай мақсатта дайындап жатырмын?». Өзіңнің аудиторияң мен қандай нәтижеге қол жеткізгің келетінін білсең ғана көптеген қателерге жол бермейсің.

«Шын мәнісінде, қателеспейтін адам болмайды, алайда мен біздердің жіберген көптеген қателіктерімізді сендердің қайталамағандарыңды қалаймын. Мен сіздерге сапалы білім беру материалын, тиімді онлайн-курстарды дайындауға көмектескім келеді» – деді жаттықтырушы Гейр Гуннлаугссон.

Төрт күннің ішінде Жазғы мектепке қатысушылар әлемдік тәжірибелер жайында ғана біліп қоймай, өздерінің авторлық курстарын дайындайтын болады.

«Біз 4 деңгейлі курстарды дайындайтын боламыз: базалық, жалғастырушы, премиум және магистратура. Жазғы мектептің қорытындысы – драфттар, сіздердің курстарыңыздың жұмыс нұсқасы болады. Алдағы 2-3 айда оны пысықтайтын боламыз, ал қазан айында пилоттық курсты іске қосуды жоспарлап отырмыз» – деді Қайша Атаханова.

Бұл мектеп – соңғы мектеп емес. Қараша айында АҚДҚ жаңа, қысқы курстарды өткізуді жоспарлап отыр. Оқыту курстары барысында Web-академия қызметкерлері авторларға болашақта жаңа білім беру кеңістігінде іске қосылатын курстарды әзірлеуге көмектесетін болады.веб-академия