Жәмилә Асанова

Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының атқарушы директоры. 20 жылдан астам уақыт бейкоммерциялық секторда қызмет етуде. 1996 жылдан бастап көптеген отандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеген. 2004 жылдан бастап, қазіргі кезге дейін – Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының атқарушы директоры. Осы уақытқа дейін Қазақстан мен Орта Азияда демократиялық азаматтық қоғамды қалыптастыру және дамыту ісіне белсенді  атсалысып жүр.

Менеджмент және ұйымды дамыту, жобаларды әзірлеу  және басқару бойынша маман, жобалар мен бағдарламаларды бағалау бойынша сарапшы. Жәмила Асанова халықаралық бейкоммерциялық  ұйымдар мен корпоративті клиенттер үшін  500 жаттықтыратын тренингтер, 500-ден астам конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, бағдарламаларға 50-ден астам баға берген.

Қайша Атаханова

«Инновациялар үшін серіктестік» бағдарламасының директоры, АРГО өңірлік бағдарламаларының директоры. Халықаралық Голдман Экологиялық сыйлығының лауреаты (2005 ж.). АРГО-да 2012 жылдан бастап өңірлік бағдарламаларды, соның ішінде «Инновациялар үшін серіктестік» бағдарламасын – Р41 (2016-2020) және оның Орта Азия елдері мен Әзірбайжандағы дамуын жүргізіп, стратегиялық басқаруын жүзеге асырады.

Білімі бойынша биолог. Өз қызметін адам сәулеленуінің генетикалық салдарын ғылыми зерттеуден бастаған. Кейінірек белсенді қоғамдық қызметпен айналысып, билік пен қоғам арасындағы экогологиялық құндылықтарды қорғау жөніндегі демократиялық қағидаттарға негізделген қатынастарды дамытатын Қарағанды экологиялық орталығын ұйымдастырды.

Қайша Атаханова – Қазақстандағы радиоактивті қалдықтарды Қазақстанға әкелуге қарсы күрескен жалпы ұлттық кампанияның танылған көшбасшысы, Қазақстанның қоғамдық бірлестіктері ұлттық желісінің және «Экофорум» Ядролық қаруға қарсы кампанияның қосалқы үйлестірушісі.

Нұржан Бейсембаев

«Инновациялар үшін серіктестік – Р41» бағдарламасы директорының орынбасары.

Жұмыс жоспарын әзірлеу, бағдарламаға мониторинг және бағалау жүргізу, бағдарламалық есептілікке жауапты. Жобаларды, олардың мониторингін және бағалауын басқару, халықаралық донорлық және коммерциялық емес ұйымдармен, соның ішінде Еуропалық Одақ, USAID, ПРООН, Internews Network және қазақстандық коммерциялық емес ұйымдармен (Интерньюс-Қазақстан) халықаралық даму саласындағы ынтымақтастық орнатуда 15 жылдық тәжірибеге ие.

 

Агнесса Гладких

Web-Академия Директоры, МВА. АРГО-да Web-академия жобасына (КЕҰ үшін онлайн-білім алу) басшылық етеді, осы қызмет бағытымен байланысты барлық сұрақтарды басқарады. Сондай-ақ, жыл сайынғы «Даму тарихы: ішкі жағынан көзқарас» VІІI Халықаралық конференцияның жетекші менеджері болып табылады.

Инвестициялар, телекоммуникациялар, жоғары білім беру, денсаулық сақтау және бизнесті дамыту (медициналық жабдық және технологиялар) нарықтарында 25 жылдық еңбек тәжірибесі бар менеджер. Халықаралық ұйымдар жобаларын жүзеге асыру және басқару, КЕҰ-мен жұмыс істеу саласында үлкен тәжірибесі бар.

 

Әлия Иликпаева

«Инновациялар үшін серіктестік – Р41» бағдарламасының өңірлік үйлестірушісі. Шағын гранттар бағдарламасы мен оның өңірлік іс-шараларын үйлестіреді. КИМЭП/KIMEP Университетінің Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бар, халықаралық және қазақстандық коммерциялық емес ұйымдарда жобаларды/гранттарды басқарудағы 17 жылдық жұмыс тәжірибесіне ие.

 

Ғалия Ақынова

АРГО бас бухгалтері және қаржы кеңесшісі. Қаржы менеджменті, бухгалтерлік есеп, салық салу, аудит және тағы басқа барлық экономикалық мәселелерге жетекшілік етеді. Барлық қаржы институттары мен серіктестермен қарым-қатынасқа да жауапты.,.

Қаржы және бухгалтерия саласында 25 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

 

Ажар Жангелдина

«Инновациялар үшін серіктестік» бағдарламасының жергілікті қаржы менеджері.

Ажар Еуропалық Одақ және халықаралық консалтингтік фирмалар, халықаралық ЮСАИД жобаларында 19 жылдық кең көлемді еңбек тәжірибесі бар қаржыгер.  2012-шы жылы АҚДҚ-ның командасына мүше болмай тұрып, Еуропалық Одақ өкілеттігінде қаржылық және келісімшарттық менеджер қызметін атқарған.

Бухгалтерияны КИМЭП университетінде оқыған, Ryerson (Канада) университетінде дәріс алған.

Ryerson (Канада) университетінің маркетинг бойынша  Postgraduate сертификациясы бар.

 

 

Наталья Яковлева

АРГО әкімшілік директоры. Қауымдастықтағы қызметін 2005 жылы бастады. Наталья АРГО-ның барлық әкімшілік мәселелерін басқарады, логистиканы ұйымдастырады және кеңсенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Наталья – АРГО эгидасымен өткізілетін барлық шаралардың негізгі басқарушысы. Конференциялар, семинарлар, тренингтер және т.б. шараларды өткізудегі үлкен тәжірибесі оған жедел мәселелерді шұғыл, кәсіби деңгейде және тиімді шешуге, және кез келген деңгейдегі шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 

Раиса Процышина

АРГО грант-менеджері. Орта Азия КЕҰ гранттарын ашық конкурстарға қатысу арқылы бөлу және әкімшіліктендіру үрдісі үшін жауапты.

Үкіметтік емес сектордағы жұмыс тәжірибесі 9 жылдан асады.

 

Гүлмира Шамбаева

www.cso-central.asia және www.argonet.org. редакторы

18 жылдан астам уақыт журналистикада қызмет етіп жүрген тәжірибелі  маман.  Қазақстандық телеарналарда, республикалық басылымдарда журналист  әрі  редактор болып жұмыс істеген. Жаңалықтар қызметінде көптеген сюжеттер жасап, аналитикалық материалдар, телевизиялық бағдарламалар және деректі фильмдер түсірген. Көтерген тақырыптары:  өнер , технология, саясат және қоғам мәселелеріне арналған. SMM саласында тәжірибесі бар. 2010 жылы Орта Азия елдері бойынша  «Ең үздік телевизиялық  журналист» атағына ие болды. Дипломдар, мақтау қағаздары, сертификаттар мен атаулы медальдардың иегері.

 

Нұршат Ертаева

Жоба менеджері. Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын «Шығыс және Орталық Қазақстанда мүдделі тараптардың жергілікті деңгейде белсендірек қатысуы» атты АРГО жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелерді үйлестіріп,басқарады. Республикалық және халықаралық ұйымдарда халықаралық қатынастар саласында бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар. КИМЭП Университетінде Халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін иеленген, сондай-ақ Канадада туризм және қонақүй бизнесі саласында білім алған.

 

Азиза Мухаметова

Бағдарламалық ассистент. АРГО-да әкімшілік сұрақтар және кеңсенің қызметін қамтамасыз ету мәселелерімен; логистика және кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыру, жоба бойынша жеке сұрақтарды техникалық үйлестірумен айналысады; жобалар қатысушылары және серіктестерімен ұйымдастырушылық мәселелер бойынша тікелей әрекет етеді.

Экономика саласында білім алған. Ассистент, кеңсе менеджері, консультант ретінде жұмыс тәжірибесі бар.

 

Александр Корнилкин

АРГО жүйелік әкімшісі. Жүйелік әкімшіліктендіру саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. АРГО ұйымында байланыс, желілер, бағдарламалық жабдықтамажәне техникалық қамтамасыздандыруға байланысты барлық мәселелерді шешеді.

 

Әсем Жунускулова

АРГО-да бухгалтер-кассир. Міндеттемелерді есепке алу, ақшалай қаражаттарды қабылдау және беру, негізгі құралдарды, сонымен қатар, тауарлық-материалдық қорларды есепке алу, жеткізушілермен және клиенттермен есеп айырысу бойынша қызмет көрсету жұмыстар жүргізеді. «Қаржы» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар және де «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алды.