Еуропалық Одақ жобасы ауылдық жерлерді дамытудың инклюзивті жоспарлауын қолдайды

АҚМОЛА ОБЛЫСЫБүгін белсенді ауыл тұрғындарының форумы аясында тәжірибе алмасу үшін 40-тан астам ауылдық округ әкімдері мен олардың орынбасарлары жиналған инклюзивті ауылдық жоспарлау бойынша семинар өтті. Аталған семинар Еуропалық Одақ (Еуроодақ) қаржыландырған«Шығыс және Орталық Қазақстанда жергілікті деңгейде мүдделі тараптардың белсенді қатысуы» жобасымен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауылдық округ әкімдеріне өз өкілеттіктері мен міндеттемелерін белсенді іске асыру бойынша, соның ішінде жергілікті халықты іске тарту, ресурстарды іздеу, ауылдағы өмір мен жұмысқа оң көзқарас қалыптастыру бойынша нақты мысалдар келтірілді.

Инклюзивтік ауылдық жоспарлау – бұл барлық мүдделі тараптардың және азаматтық қоғамөкілдерінің қатысуымен әкім және оның тобының басшылығымен ауыл/округ деңгейінде кешенді даму жоспарын әзірлеу процесі. Бұл бастама 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына толық сәйкес келеді. Еуроодақ жобасының жүзеге асырылуы барысында Шығыс және Орталық Қазақстанның 10 ауылдық округтеріндетұрғындардың қажеттіліктерін жоспарлы шешуге бағытталған 10 инклюзивтік жоспарды әзірлеуге техникалық және кеңестік қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, осы әзірленген жоспарларды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін сол өңірлердің 11 шағын кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 12 млн теңге құрайтын қаржылай көмек көрсетілді. Қаржылық көмек көрсетілген бизнес-жобалар жастар мен әйелдер үшін жұмыс орындарын құруға және жергілікті жерлерде қызмет көрсету сапасын жақсартуға үлес қосты.

«Еуроодақ жобасының арқасында біз ауыл мәселелерін шешу жолдарын қайта қарастырдық. Және де бұл бізге ұялы байланыстың болмауы мәселесін шешуге көмектесті. Beeline компаниясымен келіссөздер жүргізу нәтижесінде 2018 жылдан бастап 560 адам бюджет қаражатын тартпай ұялы байланысқа қол жеткізе алады «, – деп атап өтті Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылының әкімі Билялов Бағжан Сәкенұлы.

Еуропалық Одақ қаржыландырған жоба «АРГО« Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығымен«,«Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау қорымен« (Болгария), «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығымен« ҚҚ (Шығыс Қазақстан облысы), «ЭКОЦЕНТР« ҚБ Қарағанды облыстық экологиялық орталығымен 2017 2020 жылдар аралығында іске асырылады. Жалпы бюджет сомассы: 470 000 еуро (ЕО салымы: 420 000 еуро). ЕО жобасының мақсаттары 100 нақты қадам Ұлт Жоспарына толық сәйкес келеді, себебі олар ауылдық аудандардың экономикалық дамуына ықпал етеді және жергілікті қоғамдастықтардың жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимылдармүмкіндіктерін кеңейтеді.