CSO New Vision Award! байқауының жеңімпаздары

КЕҰ ең маңызды, шабыт беретін, шығармашылыққа толы және мәнді жобалары осымен үшінші мәрте азаматтық саланың басты сыйлығы – CSO New Vision Award сыйлығымен марапатталды! КЕҰ туралы жаңаша!

Іріктеуші комитет алдына қойған міндеттер оңай болмады: 100 өтінімнің арасынан – өзіндік тұлғалары, жобалары, тағдырлары бар бірнеше жеңімпаздарды белгілеу қажет болды. Бір атап өтетін жәй, бұл жолы байқауға 6 елден 50 шақты КЕҰ қатысты. Биылғы жылы алғаш рет Әзірбайжан мен Түркіменстаннан коммерциялық емес ұйымдар ұсынылды.  Іріктеу қалай өтті? Өздерінің үкімін шығармас бұрын, қазылар алқасы өтінімдерді келесі критерийлер бойынша бағалады:

  • ұйымның нақты қол жеткізген жетістіктері бар;
  • тарихы әлеуметтік мәселелерді шешеуге жігерлендіреді және уәждейді;
  • инновациялық, сандық технологияларды қолдана отырып, нанымды айтылған тарих;
  • үлгінің айтарлықтай әлеуметтік әсері болу керек;
  • ұйымның табысы КЕҰ-қоғамдастығының ішінде оңтайлы бедел қалыптастырудан бөлек, халық арасында да кеңінен таратуда өз көмегін тигізеді.

Сонымен, байқаудың жеңімпазы атанған кім? Жеңімпаздардың бар-жоғы 9 екенін атап өтуден бастайық.

Әзірбайжан

Бұл елдің байқауға алғашқы қатысуы. Қазылар алқасы атап өткен қоғамдық ұйым, қиындықтар мен жан жарасынан арылуға көмектесіп, жарқын болашаққа үміт сыйлайды. Әзірбайжан балаларының Ұйымы, «Бала бөтен болмайды» жобасы,  жеңімпаз атанды, салтанат кезінде сыйлық оның жетекшісі  Камаля Агазадеге табыс етілді.

Тәжікстан

Атамыш ел өзінің өтінімдерімен қуантты. Биылғы жылы екі бірдей ұйым жеңімпаз атанды.

Жалғыз басты әйелдерді қолдау Орталығы «Нури умед» қоғамдық ұйымы және оны қалаушы Саломат Аезова, сондай-ақ, Тәжікстан Республикасының кіші және орта бизнес Ұлттық Қауымдастығының жобасы «ТаджикМама» және оның өкілі Насибахон Аминова.

Бірінші ұйым тәжік ауылдарының қыздарына білім алуға көмектеседі, жалғыз басты әйелдер психологиялық, заңгерлік көмек және материалдық қолдау алады. Екіншісі – балаларды тәрбиелеуде ата-аналар, әр саладағы мамандар мен бизнестің бастарын қосады.

Түркіменстан

Түркіменстанның байқауға Әзербайжан сияқты алғаш қатысуы. Сыйлықтың жеңімпазы, өз жұмысында «тең теңімен» қағидасы бойынша жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым, оның өкілдері құрбыластарына салауатты өмір салтын дарытады. Сонымен, байқаудың жеңімпазы – ҚҰ «Y-PEER Ұлттық желінің жастар орталығы» және оның өкілі Майя Мереткүлиева.

Қырғызстан

Бұл мемлекет те  2 жеңімпазымен қуантты. Бірінші сыйлықпен ауыл ашруашылық аясы, денсаулық сақтау, тағам, азық-түлік қауіпсіздігі, гендерлік теңдік, білім беру және мүмкіндіктері шектеулі балалар сияқты 47 ұйымды біріктірген альянс марапатталды. Сонымен, бірінші жеңімпаз – «Азық-түлік қауіпсіздігі мен тағамды жақсартудың азаматтық альянсы» қоғамдық ұйымы.

CSO New vision Award сыйлығының екінші лайықты марапаты Ош қаласының «Smail.KG» қоғамдық қорына бұйырды! Аталмыш ұйым инклюзивті білім беру тәжірибесін тиімді енгізіп және қаланың инфрақұрылымын жақсартып, денсаулықтары шектеулі балалардың мүдделері және құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйым.

Өзбекстан

Өзбекстандағы байқаудың жеңімпазы болып 1989- ші жылы құрылған «Экологиялық таза Фергана үшін» Қауымдастығы – ең ежелгі үкіметтік емес ұйым атанды. Осы жылдар бойы ұйым көптеген жобалар өткізіп, елде экобақылаудың қоғамдық жүйесі енгізілді.

Қазақстан

Біздің еліміз де өтінімдерімен қуантты. Екі бірдей ұйым жеңімпаз атанды.  Сарапшылар «Yмiт Yзбеу» Қоғамдық қорын жоғары бағалады. Аталмыш ұйым жобаларының бірі – «Материнских рук творение» Қазақстандағы әлеуметтік идеялар көрмесінде ең инновациялық деген атаққа ие болған. Ол ауру балалардың аналарына, басқа да отбасыларға көмектесу үшін,  емдік уқалау дағдысын үйренулеріне мүмкіндік береді. Шын мәнінде, бұл балалар мен ата-аналардың зор еңбектері.

Мақсаттары – денсаулықтары сыр берген ададмдарға қол ұшын беру болып саналатын «РУХ» Қоғамдық ұйымы да назардан тыс қалған жоқ. Олар сырқат адамдардың мүмкіндіктерін шектемей, қайта арттыра түсуде!

Салтанат тек қатысушылардың ғана емес, ұйымдастырушылардың да болжауларын еселей түсті. «Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» үшін жеңімпаздардың ризашылықтары мен жүрек жарды алғыстары үлкен марапат болды.