ASAR 2018: Еуропа Одағының «Жергілікті дамуды инклюзивті жоспарлау» жобасы аймақтық басшылар мен ҮЕҰ өкілдерінің қызығушылығын тударды

2018-ші жылдың 21-22 маусым күндері Талдықорған қаласында дін істері және азаматтық қоғам Министрлігі «ASAR»  II Республикалық үшжақты серіктестік форумын өткізді. Биыл форум «Аймақтарды орнықты дамытудағы жергілікті қоғамдастықтардың үлесі» тақырыбына арналды.

Пленарлық сессияның ашылуында дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев форум қоғамның игілігі үшін өзекті мәселелерді шеше алатын еліміздің бизнесі мен ҮЕҰ мемлекетпен серіктес болатын тиімді, қажетті әрі жасампаз диалогтық алаң бола алатынына сенім білдірді.

«ASAR»Тұғырнамасы» «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» ішкі бағдарламасын жүзеге асырылатын құралдардың бірі. «ASAR» – бұл күштерді жандандырып және қосымша атқарымдар мен ресурстарды тартатын ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттің ортақ қызметтерінің ең табысты тәжірибелерін трансляциялауды қамтамасыз ететін коммуникациялық құрал», –  деп мәлімдеді Дархан Кәлетаев.

Дархан Калетаев на АСАР

Форум «әр жыл сайын жаңа аймақ» деген қағида бойынша өткізіледі, бұл тек еліміз бойынша ғана емес, аймақтар бойынша да үшжақты серіктестіктің беталысы мен мүмкіндіктерін ашуға өз себін тигізеді. Мысалы, бірінші «ASAR»  форумы 2017-ші жылы Атырауда өтті, биылғы жылы Талдықорған қаласы  кезекті форум өтетін жер болып белгіленді.

Әзірге бұл жергілікті қоғамдастық Қорын құру бойынша жобаны табысты жүзеге асырып, үкіметтік емес ұйым апробациялап отырған жалғыз аймақ», – деп атап өтті Дархан Кәлетаев.

Биылғы жылғы  «ASAR» форумына 300 отандық және халықаралық ҮЕҰ мен бизнес-компаниялар, 33 спикер, 13 диалогтық алаң жұмыс істеді. Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығы – АҚДҚ, былтырғы жылғыдай белсене қатысты.

Форум аясында Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен  «Жергілікті дамуды инклюзивті жоспарлау» жобасы екі шеберлік класын өткізіді. Еуропа мен Болгарияда жергілікті өзін-өзі басқару мен инклюзивті жоспарлау қалай даму үстінде туралы жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау Қорының сарапшысы (жобаның серіктесі), Софиядан келген Александр Михайлов айтып берді. Тақырып үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылар инклюзивті жоспарлаудағы тәсілдемелер қалай болады, сондай-ақ, мұндай тәсілдемелерді Қазақстанда іске асыруға бола ма деген сұрақтар қойды.

Екінші шеберлік класын жобаның директоры Абай Мырхин өткізді. Ол жоба аясындағы инклюзивті жоспарлау тәсілдемелерінің пилоттық он ауыл аумақтарында іске асырылып жатқандығы туралы айтып берді. Қатысушылар тіпті аталмыш тәсілдемені жақсарту туралы өз ұсыныстарын да тілге тиек етті.

Қарағанды облысы, Нұр ауданының әкімі Айтпай Сейтқалиев, Шығыс-Қазақстан облысы, Глубоковский ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау Бөлімінің Басшысы Светлана Большакова, жергілікті өзін-өзі басқарудағы заңнама аясы бойынша «SmartЖетысу» пікірталастарға қатысты. Қатысушылар: «Қазақстан жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға дайын ба?» деген сауалды талқылады.

Бар-жоғы екі шеберлік класына елуден астам адам қатысты. Форумға қатысудың мақсаты – Еуропа Одағының қаржылай қолдауымен жүзеге асқан «Жергілікті дамуды инклюзивті жоспарлау» жобасының  қызметі туралы ақпаратты кеңінен тарату.

Тұтас алғанда, форум аясында аймақтық деңгейде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ арасындағы өзара қарым-қатынас сипатын анықтау үшін ағымдағы беталыс пен қазіргі жағдай  зерттелді. Сондай-ақ, жергілікті деңгейдегі үшжақты серіктестіктің табысты үлгісінің тұсаукесері өткізілді, соның ішінде, «ASAR»  I Республикалық үшжақты серіктестік форумы аясында іске қосылған жобалар да бар. Одан бөлек, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін келісімдер заңды түрде рәсімделді. Форум аясында үшжақты серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Келесі форумды министр Дархан Кәлетаев Павлодарда өткізу туралы ұсыныс жасады.

АСАР