Қазақстанда Қоғамдық кеңестердің I-ші республикалық мәжілісі басталды

Нурлан Ермекбаев

Бүгін Астанадағы бірінші Мәжілісте Қоғамдық кеңестердің, мемлекеттік органдар мен барлық облыстардың ҮЕҰ-ның, сондай-ақ, Орталық Азия мен Әзербайжан елдерінің өкілдері бас қосты.  Қатысушылар кеңестер жұмысын және мемлекеттік құрылымдармен жұмыс істеуді қалай жақсарту сынды бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, өзара әрекеттестік тетіктері мен ұсыныстарын әзірледі.    

Қазақстанда қазір республикалық және жергілікті деңгейдегі 229 (республикалық – 16, жергілікті – 213) қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Олар алғаш рет 2016 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог түріндегі қоғамдық кеңестер ретінде құрылған болатын. Бұл мемлекеттік емес институттар мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын арттыруға бағытталған консультативтік-кеңестік, бақылаушы органдар болып табылады.

Кеңестер қызметі есеп беруге міндетті және ашық мемлекеттің қалыптасу үдерісіне жағымды ықпал етті және мыңдаған белсенді азаматтардың еліміздің қоғамдық өміріне қатысуына мүмкіндік берді», – деп атап өтті өз сөзінде министр Нұрлан Ермекбаев.

Қоғамдық кеңестер мәжілісі барысында қазіргі қоғамдық кеңестердің мәртебесін сақтап қалуға, мәслихаттардың қызметіне ұқсас кеңестер қызметін жою үшін кеңестер өкілеттігін өзгертуге, кеңестер құрамындағы мемлекеттік органдардың өкілдік деңгейін төмендетуге қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, талқыға салынды.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Тұрақты Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел өз сөзінде Қоғамдық кеңестер жұмысының дербестігін ұлғайтумен қатар, ҚК құрылымы жөніндегі жұмыс топтары мүшелерінің қалыптасуындағы ашықтықты күшейтуді ұсынды. Тағы бір маңызды жайт – әйелдер мен балаларды тарту мәселесі.

Тиімді Қоғамдық Кеңестер Қазақстан дамуында көптеген басымдықтарға қол жеткізуге ықпал етпек. Мысалы, ол мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есеп беруге тиістілігін қамтамасыз ететін ықпалды құрал, тұрғындарды барлық деңгейдегі мемлекет ісіне тарту, сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту», – деп атап өтті Мунхтуя Алтангерел.

МажилисРеспубликалық Мәжіліс қоғамдық кеңестер қызметінің жағымды тәжірибелерін талқылау, тиімділік көрсеткіштерін жасау, тұрғындар мен БАҚ-тың өзара байланысын нығайту  мақсатында панелді пікірсайыстар мен үйретуші семинар-тренингтер ретінде жалғасын тапты.

Іс-шараға қоғамдық кеңестер, ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері, барлығы 500-ге жуық делегат қатысты.

Шара қорытындысы бойынша қатысушылардың нақты шешімдері мен кеңестері енгізілген қарар қабылданбақ.

Қоғамдық кеңестердің І Республикалық Мәжілісі аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам  министрлігі «Мемлекет пен азаматтық қоғам ұйымдарының өзара әрекеттестігі: Орталық Азия елдері мен Әзербайжан тәжірибесі мен келешегі» атты халықаралық консультативтік кездесу өткізеді. Іс-шара – USAID-тың «Инновациялар – P4I әріптестігі» бағдарламасының «АРГО» Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығы Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның басты әріптестерімен бірігіп жүзеге асырған бір жобасы.

Дөңгелек үстел түрінде өткен кездесуге мемлекеттік органдардың, Қоғамдық Кеңестердің өкілдері, Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның алдыңғы қатарлы КЕҰ және халықаралық ұйымдары қатысты.МажилисМажилис P4I